Астана күніне арналған турнир өтті | arainews.kz

Астана күніне арналған турнир өтті

129

Еңселі Елорда күнін мерекелеу игі дәстүрге айналған. Мәселен, бүгін Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтар арасында бірнеше спорт түрінен турнир өтті.

Саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған спорттық жарысқа мекеме жасақтарынан командалар қатысып, жарыс көркін қыздырды. Спорттық шара барысында сотталғандар аяқдоп аламанында өзара мықтыны анықтады. Сонымен қатар, 16 және 24 килограмдық гір тастарын көтеруден күш сынасып, шахмат пен дойбы  тақтасының басында ұшқыр ойлылар іріктелді. Бұдан бөлек, 100 метрге жүгіру, үстел теннисі, арқан тартыс пен қол күрестен де жарыстар ұйымдастырылды.

Бас бостандығынан айырылған жаза мерзімін өтеуші азаматтарды жазасын өтей отыра түзелу жолына салу – бүгінгі күннің басты талабы. Оның ішінде, қылмыс жасаған адамдарды түзелу жолына салу біраз күш-жігерді қажет ететін жауапты әрі қиын жұмыс. Жаза мерзімін өтеуші азаматтардың дене тәрбиесімен айналысуы, ой-өрісін психологиялық тәрбиелеумен қатар жүргізілетін әдістердің бірі. Себебі, еңбекпен тәрбиелеу секілді спортпен тәрбиелеуді қатар алып жүрудің де маңызы жоғары.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.