Астана күнін атап өтті | arainews.kz

Астана күнін атап өтті

415

«Астана – Еуразияның қақ жүргегіндегі қала. Бұл жерде түрлі өркениеттердің өкілдері келісім мен үйлесім аясында бейбіт күн кешіп, сан алуан мәдениеттер мен салт-дәстүрлер сабақтасып жатыр» — деген Елбасы Н.Назарбаевтың сөзі кешегі бабалар арманының бүгінгі айшықты келбеті. Арқаның аңызға толы төсінде ақиқатқа айналған армандар салтанат құрып, ізгі мұратымыздың жұлдызы жарқыраған күнді жыл сайын дәстүрлі түрде үлкен тойға айналдырып келеміз. Астана бұл күнде — еліміздің саяси орталығы ғана емес, ұлт мәдениеті мен әдебетінің де жаңа дәуірге қанат қағып, рухани жаңғыру белесіндегі маңызды қадамдарының алтын ошағына айналды. Мұндағы әрбір қаламгердің шығармашылығының бір ұшында Астананың тәуекелді сәттермен тоғысқан тағдыры, берекелі істермен биіктеген тұғыры жатыр.

Еңселі Елорда күнін мерекелеу игі дәстүрге айналған. Мәселен, күні кеше Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/2 ммекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтар ел астанасына өлең жолдарын арнап, мерекені атап өтті. Бас қалаға деген сезімдерін ақ қағаз бетіне түсірген Саят Сатын, Әділ Арын, Мәжит Бүрлібаев еңсесі биік, асқақ шаһар жайында тебірене жырлаған.

Сондай-ақ, осы күні өзге де жазасын өтеушілер домбырамен ән шырқап, әсем әуендерін Елордаға арнады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.