Асанәлі атам-ой! | arainews.kz

Асанәлі атам-ой!

4

Ұлттық мәдениетіміздің асқар шыңы, сахна мен экран өнерінің дара тұлғасы, халықтың сүйікті перзенті, Сарысудың даңқты саңлағы Асанәлі Әшімовтің дүниеден өтуі – ел үшін орны толмас қаза.

Асанәлі Әшімов бар ғұмырын қазақ өнерінің өркендеуіне арнады. Оның сомдаған бейнелері, азаматтық болмысы мен рухани мұрасы ұлт жадысында мәңгі сақталады. Ол – өз дәуірінің ғана емес, келер ұрпақтың да рухани темірқазығы болып қала бермек.

Марқұмның отбасы мен Болат Асқарәліұлы бастаған туған-туыстарына, барша өнер жұртына қайғырып көңіл айтамыз. Алла иманын саламат етіп, Бағдат апайымызға, Асанәлі бауырымызға, ұрпағына сабыр берсін.

Қанатбек Мәдібек

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.