Арман Оразалиев азаматтарды қабылдады | arainews.kz

Арман Оразалиев азаматтарды қабылдады

195

Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті басшылығының 2018 жылдың ІІІ тоқсанына азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес, ІІД бастығы А.Оразалиев 21 азаматты жеке сұрақтары бойынша қабылдады.
Жеке қабылдау барысында ІІД Жергілікті полиция қызметі, Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы, Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармаларына қатысты, сондай-ақ ұрлық, алаяқтық деректері бойынша, қызметке кіру, зейнетақы тағайындау туралы және тағы да басқа сұрақтар қаралды.
Азаматтарды жеке қабылдау кезінде 5 азаматқа ауызша, 2 азаматқа жазбаша түсінік берілді, 14 азаматтың өтініші бойынша басқарма бастықтарына және ІІД бөліністеріне нақты тапсырмалар берілді. Аталмыш бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
ІІД бастығының жеке қабылдауына алдын ала Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі (тел.: 99-70-34) арқылы жазылуға болады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.