Алик Шпекбаев мемлекеттік қызметшілер арасындағы бәсекелестік туралы айтты | arainews.kz

Алик Шпекбаев мемлекеттік қызметшілер арасындағы бәсекелестік туралы айтты

301

Бүгін Ақордада Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мемлекеттік қызметшілер арасындағы бәсекелестік туралы айтып берді.

«Ынталандыру шаралары мен жалақыны көтеру арқасында мемлекеттік қызметшілердің жұмысында тұрақтауы өсті. Сонымен қатар олардың арасында бәсекеге қабілеттілік артты», — деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауы барысында.

Оның сөзіне қарағанда, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақасы 2-2,5 есеге артты.

«Оңтайландыруды есепке ала отырып, үштен бір бөлікке қызметтік кеңселер аумағы қысқаруы ықтимал. Біз бірнеше мемлекеттік құрылымдарды оңтайландыруымыз керек, әсіресе аудандарда бір ғимаратқа орналастыру бойынша. Қазіргі уақытта олар елді мекендердің әр жерінде орналасқан. Сондықтан ғимараттарды күтіп, ұстауға қомақты қаржы жұмсалады», — деді Шпекбаев.

Өз кезегінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл бағыттағы шаралар мемлекеттік қаржыны үнемдеуге алып келетінін атап өтті. Сонымен қатар Президент қызметінен қысқарып қалғандарды да назардан тыс қалдырмай, жұмысмен қамтылуына қолдау жасау керектігін тапсырды.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.