Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты РММ-25 мекемесінде діни өкілдермен кездесу өткізілді. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты РММ-25 мекемесінің Сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмысы бөлімінің теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру тобының инспекторлары әділет капитаны Ж.Жақсыбекұлы және әділет аға лейтенанты Ғ.Қалмаханбетовтің ұйымдастыруымен дін өкілімен кездесу өтті. Алматы қаласы Нұр-Мубарак Египет Ислам Мәдениеті университетінің ұстазы, Республикалық Ақпараттық Насихаттау тобының мүшесі Нұржан Стамбакиев «Дінде шектен шыққандар» тақырыбында мекемедегі жазасын өтеушілерге түсіндерме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар сабақ барысында діни алауыздықтың шығу себептері және радикалды діни көзқарастың сыр-сипатын анық айтып өтті.