А. Шпекбаев «Кәсібилендіру мемлекеттік қызметті дамытудың маңызды факторы ретінде: аймақтық контекст» аймақтық семинар-кеңесіне қатысуда | arainews.kz

А. Шпекбаев «Кәсібилендіру мемлекеттік қызметті дамытудың маңызды факторы ретінде: аймақтық контекст» аймақтық семинар-кеңесіне қатысуда

307

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев  Таразда өтіп жатқан «Кәсібилендіру мемлекеттік қызметті дамытудың маңызды факторы ретінде: аймақтық контекст» аймақтық семинар-кеңесіне қатысуда. Жиында мемлекеттік қызметті одан әрі дамытудың аспектілері қаралуда.

Естеріңізге сала кетейік, А. Шпекбаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келген болатын. Сапары барысында Агенттік Төрағасы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының ашылу рәсіміне қатысқан болатын.

Бұдан бөлек, сапары аясында Алик Шпекбаев облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроның жеке құрамымен кездесіп, жұмысымен танысады деп күтілуде. Сонымен қатар, Жамбыл облысының активімен кездесу өткізіп, Тараз қаласындағы Достық үйінде болып, этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен жүздеседі деп күтілуде.

Сондай-ақ, Агенттік Төрағасы Достық үйінде Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан шаралар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және аймақтағы «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының орындалуы туралы ақпарат алмақ.

Және де жергілікті және шетелдік инвесторлармен, бизнес қауымдастық өкілдерімен кездесіп, «Protecting Business and Investments» жобалық офисінің таныстырылымына қатысуы жоспарланған.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.