Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қырғызбай Бағылан Еркінұлы — arainews.kz

Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қырғызбай Бағылан Еркінұлы

№6 бірмандаттық аудандық сайлау округі

10

ӨМІРБАЯНЫМ

Мен, Қырғызбай Бағылан Еркінұлы, 1992 жылы 28 маусымда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Гродеково ауылдық округіне қарасты Қызылдихан ауылында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. Білімім – жоғары.

2010 жылы №34 орта мектепті бітірдім. 2014 жылы Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Философия және Политология факультетін «Дінтану» мамандығы бойынша тәмандадым.

Еңбек жолымды 2015 жылдың шілде айында Жамбыл обылысы Дін проблемаларын зерттеу орталығына
Ақпараттық түсіндіру және талдау бөлімінде инспектор маман болып бастадым.

2017-2018 жылдары Дін проблемаларын зерттеу орталығы Жоспарлау және ұйымдастыру бөлімінің басшысы болып қызмет атқардым.

2018-2019 жылдары Дін проблемаларын зерттеу орталығының Байзақ ауданы бойынша Оңалту бөлімінің маманы болып қызмет атқардым.

Қазіргі таңда жеке кәсіпкерлікпен айналысамын.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАМ

СІЗДЕРДІҢ СЕНІМДЕРІҢІЗДІ АҚТАУҒА КҮШ САЛАМЫН! 

Құрметті сайлаушылар!
Депутаттыққа сайлану – үлкен жауапкершілікті жүктейді. Мәслихаттың қоғамымызда алатын орны ерекше. Әлеуметтік-экономикалық даму мен қоғамды демократияландыруда рөлі мен маңызы зор. Мәслихат депутаты жалпы мемлекеттiк мүдделердi ескере отырып, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстегi халықтың еркiн бiлдiреді.
Ендігі кезекте, депутат болып сайланған жағдайда мен өзімнің өмірлік тәжірибемді және барлық күш-жігерімді келесі мәселелерді шешуге жұмсаймын:
– сайлау округімдегі тұрғындардың мүдделерін қорғаймын;
– ауылдағы ағайынның қажетін өтеуге, тұрмыс жағдайын жақсартуға, табысын арттыруға, ауыл шаруашылығын дамытуға күш саламын;
– ауыл азаматтарының, оның ішінде жастардың кәсіпкерлікпен айналысуына, жеңілдетілген пайызбен несие мен қайтарымсыз грант алуына ықпал етемін;
– сайлау округіне қарасты елді мекендердегі көшелерді жөндеуге, ауылдарды жарықтандыруға, абаттандыруға басымдық беремін;
– мүгедектерге, зейнеткерлер мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарға көмек көрсетуге күш саламын;
– округтегі жұмысшылардың әлеуметтік мәселелері бойынша мүдделерінің орындалуын қадағалаймын;
– ауылдық елді мекендерді көркейту мақсатында аудандық бюджеттен қаражат бөлінуін қадағалаймын;
– балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын сапалы өткізуін ұйымдастыру, спорттық іс-шараларды көбейту, салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстарын іске асыруға тырысамын;
– ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейі жоғары болуы үшін ауылды ауызсумен қамтамасыз етуді, жолдарды жөндеуді, көшелерді жарықтандыруды талап ететін боламын;
– шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына барынша қолдау көрсетіп, ауылдастарымның жеңілдетілген пайызбен несие алуларына және жаңа жұмыс орындарын құруына көмектесемін.
Менің бағдарламам мұнымен шектелмейді. Ең бастысы, халық игілігі үшін қызмет ете беру. Сіздерден керегі қолдау. Менің міндетім – сенімді ақтау.
Депутат дегеніміз – халық қызметшісі. Мені қолдап, дауыс берген жағдайда депутаттық өкілеттігімді орынды әрі тиімді пайдаланып, сіздердің сенімдеріңізді ақтауға күш саламын.

Тапсырыс беруші: Жамбыл аудандық мәслихат депутаттығына кандидат ҚЫРҒЫЗБАЙ Б.Е.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстары
есебінен төленді.

Comments are closed.