Мәдениет пен өнерді қолдау, ұлттық мұраны сақтау, тұрғындардың өмір сапасын арттыру және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту – «Әділет» партиясының Жамбыл облысына арналған 2026–2031 жылдарға арналған «Әділетті болашақ үшін» өңірлік сайлауалды бағдарламасының өзара сабақтас бағыттары. Осы басымдықтар Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының ұжымымен өткен кездесуде талқыланды. Партияның партиялық тізімі бойынша ұсынылған кандидаттар Ләззат Қалымбекқызы Еркінбаева мен Нұркен Досжанұлы Тоқбергенов мәдениет және өнер саласының өкілдеріне өңірлік бағдарламаның негізгі міндеттерін таныстырды.
Кездесу барысында ұлттық мәдени мұраны сақтау, дәстүрлі өнерді дәріптеу, шығармашылық ұжымдардың әлеуетін арттыру және мәдени қызметтердің халыққа қолжетімділігін кеңейту мәселелері сөз болды.
Партияның өңірлік бағдарламасына сәйкес, 2031 жылға дейін облыстағы 7 мәдениет нысанын жөндеу, кітапхана қорларын жыл сайын 0,5 пайызға жаңарту көзделген. Сонымен қатар еріктілік, қайырымдылық және экологиялық жобаларға қатысатын жастардың үлесін 2027 жылғы 10 пайыздан 2031 жылы 20 пайызға дейін арттыру жоспарланып отыр.
Кандидат Ләззат Еркінбаева мәдениет саласын дамытуда материалдық-техникалық базаны нығайтумен қатар, шығармашылық ұжымдарға қолдау көрсетудің, ұлттық өнер мен мәдени мұраны насихаттаудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ жастардың қоғамдық бастамаларға белсенді қатысуын арттыру мәселесін атап өтті.
Жиында кандидат Нұркен Тоқбергенов өңірлік бағдарламаның тұрғындардың күнделікті тұрмысына тікелей әсер ететін әлеуметтік бағыттары бойынша таныстырды. Атап айтқанда, 2031 жылға дейін облыста 4,6 миллион шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру, оның ішінде бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 8 833 пәтер ұсыну көзделген. Бұл мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға кезекте тұрғандар санын 13 пайызға қысқартуға мүмкіндік береді.
Денсаулық сақтау саласында 6 жаңа нысан салу, 2 медициналық мекемеге жапсарлас құрылыс жүргізу, 5 корпусты қайта жаңғырту және 17 нысанды жөндеу жоспарланған. Бұдан бөлек, ауылдық жерлердегі 1 миллионнан астам тұрғынды жылжымалы медициналық кешендермен қамту және 215 медицина маманына біржолғы әлеуметтік қолдау көрсету қарастырылған.
Білім беру мен жұмыспен қамту бағыттарында да нақты көрсеткіштер белгіленген. Алдағы кезеңде 8 жаңа мектеп салу, мектепке дейінгі ұйымдарда 8,4 мың орын ашу, 138 STEM-кабинетін жабдықтау жоспарланып отыр. Ал 2031 жылға дейін 116 инвестициялық жобаны іске асыру арқылы 20 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құру көзделген. Сонымен қатар тұрғындардың спортпен жүйелі айналысу үлесін 51 пайызға дейін арттыру міндеті қойылған.
Жамбыл өңірі – жыршылық, жыраулық, әншілік және күйшілік дәстүрі қалыптасқан тарихи-мәдени аймақ. Кенен Әзірбаевтың шығармашылық мұрасы – осы рухани сабақтастықтың жарқын үлгісі. Сондықтан ұлттық өнерді сақтау, оны заманауи талаптарға сай дамыту және жас буынға кеңінен таныту өңірдің мәдени дамуы үшін маңызды.
Басқосу барысында филармония қызметкерлері мәдениет саласының өзекті мәселелерін көтеріп, шығармашылық ұжымдардың жұмыс жағдайын жақсарту, материалдық-техникалық базаны нығайту және өнер өкілдерін әлеуметтік қолдау жөніндегі ұсыныстарын білдірді. Кандидаттар айтылған пікірлерді назарға алып, өңірлік бағдарламада белгіленген міндеттерді таныстырды.
29 қарашада өтетін Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында «Әділет» партиясына дауыс беріңіз!
Дайындаған: «Әділет» партиясы Жамбыл облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Д. А. Каипов.
Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігінің сайлау қоры қаражатынан төленді.
Comments are closed.