Тұрғын үй құрылысы, кәсіпкерлікті қолдау және жаңа жұмыс орындарын ашу – Жамбыл облысының алдағы бес жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарының қатарында. Осы бағыттар «Әділет» партиясының кандидаттары Нұрлан Сапарбеков пен Гүлбаршын Құланбаеваның ATLAS ESTATE ЖШС еңбек ұжымымен кездесуінде талқыланды.
Кездесу барысында кандидаттар «Әділетті болашақ үшін» атты 2026–2031 жылдарға арналған өңірлік сайлауалды бағдарламаның негізгі міндеттерін таныстырып, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жоспарларға тоқталды.
Атап айтқанда, 2031 жылға дейін облыста 4,6 миллион шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру, оның ішінде бюджет қаражаты есебінен кезекте тұрған азаматтарға 8 833 пәтер ұсыну көзделген. Бұл тұрғын үй кезегін 13 пайызға қысқартуға мүмкіндік береді.

«Тұрғын үй мәселесін шешу – халықтың өмір сапасын жақсартудың маңызды шарттарының бірі. Бағдарламада баспана құрылысын ұлғайту және тұрғын үй кезегін қысқарту бойынша нақты межелер белгіленген. Бұл бағыттағы жұмыстар азаматтардың қолжетімді баспанаға деген сұранысын ескеруге бағытталған», – деді кандидат Гүлбаршын Құланбаева.
Кездесуде кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне де ерекше назар аударылды. Бағдарламаға сәйкес, 2031 жылға қарай облыстың жалпы өңірлік өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесін 27,2 пайызға, орта бизнестің үлесін 5,6 пайызға жеткізу жоспарланған. Ал «Іскер аймақ» бағдарламасы аясында шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердегі кемінде 500 кәсіпкерлік жобасына қолдау көрсету көзделген.

«Шағын және орта бизнес – өңір экономикасының маңызды тіректерінің бірі. Кәсіпкерлікті қолдау жаңа өндірістердің ашылуына, жұмыс орындарының көбеюіне және тұрғындардың табыс көзін қалыптастыруына мүмкіндік береді. Сондықтан бағдарламада кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға және бизнестің экономикадағы үлесін арттыруға бағытталған нақты міндеттер қарастырылған», – деді кандидат Нұрлан Сапарбеков .
Сонымен қатар өңірде 116 инвестициялық жобаны іске асыру есебінен 20 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құру және жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 63,1 мың адамды қамту жоспарланған.
Кездесу барысында еңбек адамының құқықтарын қорғау, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және әлеуметтік кепілдіктерді сақтау мәселелері де қозғалды. Кандидаттар ұжым өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, өңірлік бағдарламаның негізгі бағыттары бойынша түсініктеме берді.
Дайындаған: «Әділет» партиясы Жамбыл облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Д. А. Каипов.
Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігінің сайлау қоры қаражатынан төленді.
Comments are closed.