Пірман Кендия Тәшімқызы — arainews.kz

Пірман Кендия Тәшімқызы

Respublica партиясынан № 13 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Талас ауданы депутаттығына кандидат

4

Өмірбаян

1966 жылғы 14 қарашада Жамбыл облысында Қаратау қаласында  дүниеге келген.

Білімі: 1987 жылы Өскемен қаласындағы мәдени-ағарту училищесін тәмамдаған.

2004 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек өтілі: Еңбек жолын 1987 жылы Қаратау қаласындағы В.И. Ленин атындағы Мәдениет сарайында хореограф қызметінен бастаған.

1993 жылы Көктал ауылдық клубының меңгерушісі қызметін атқарған.

2002 жылы Қаратау қаласындағы Талас аудандық мәдениет бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген.

2005 жылы Қаратау қаласындағы Талас аудандық мәдениет бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалған.

2009 жылы Қаратау қаласындағы Талас аудандық «Үлбике ақын» атындағы мәдениет орталығының директоры қызметін атқарған.

2012–2013 жылдары Астана қаласындағы «Шаяхметов» атындағы тілдерді дамыту орталығында бас маман болып қызмет еткен.

2013–2014 жылдары Астана қаласындағы «Ақ тілек» қуыршақ театрының директоры болған.

2014–2023 жылдары Қаратау қаласындағы Талас аудандық «Үлбике ақын» атындағы мәдениет орталығының директоры қызметін атқарған.

2024 жылдан бастап Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарып келеді.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

Мен, Пірман Кендия Тәшімқызы, Respublica партиясынан Талас ауданы депутаттарын сайлауға қатысамын. Мен үшін 13 округ тұрғындарының мәселелерінің іс жүзінде шешілуі маңызды. Менің басты мақсатым — ауданымыздың әлеуметтік – экономикалық дамуына үлес қосу, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту және халықтың өзекті мәселелерінің шешілуіне ықпал ету. Сонымен қатар менәң басымдықтарым партияның «Қуатты экономика мен лайықты өмір партиясы» атты бағдарламасына негізделген.

НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

Ауданның инфрақұрылымын дамыту

Ауылішілік жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру,абаттандыру және ауызсу мәселелерінің шешілуіне ықпал ету.

Жұмыспен қамту және кәсіпкерлік

Жаңа жұмыс орындарын ашуды қолдау, жастардың еңбекке орналасуына және шағын кәсіпкерліктәңдамуына жағдай жасау бастамаларын көтеру

Әлеуметтік қолдау

Көп балалы және аз қамтылған отбасылардың, жалғызбасты азаматтардың және әлеуметтік қолдауды қажет ететін тұрғындардың мәселелеріне назар аудару

Білім, денсаулық және жастар

Білім беру мен медициналық қызмет сапасын жақсарту, жастардың спортпен және мәдениетпен айналысуына мүмкіндік беретін жобаларды қолдау.

 Халықпен тұрақты байланыс

Тұрғындармен кездесулер өткізіп, олардың ұсыныстары мен өтініштерін тыңдау, өзекті мәселелерді тиісті органдарға жеткізіп, шешілу барысын бақылау.

Менің басты ұстанымым – халықтың сенімін ақтау, әрбір тұрғынның пікіріне құлақ асу және ауданымыздың өркендеуі үшін жауапкершілікпен жұмыс істеу.

Тапсырыс беруші: №13 бірмандаттық сайлау округінен
Талас аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат
Пірман К.Т.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын
шығыстары есебінен төленді.

Comments are closed.