Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Батырбаев Мұхтар Мадиұлы — arainews.kz

Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Батырбаев Мұхтар Мадиұлы

№7 бірмандаттық аудандық сайлау округі

9

Өмірбаян

Мен, Батырбаев Мұхтар Мадиұлы, 1998 жылы 28 шілдеде Өзбекстан Республикасы, Наваи облысы, Үшқұдық ауданында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. Білімім – жоғары.
2020 жылы Тараз гуманитарлық-педагогикалық университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша тәмамдадым.
Еңбек жолымды 2022 жылдың ақпан айында аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінде «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы арқылы уақытша жұмысшы болып бастадым. 2023 жылдан бері аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығында» спорт нұсқаушысы қызметін атқарудамын.

Сайлауалды бағдарламасы

Ұстанымым – ел игілігі жолында адал қызмет ету!

Менің басты мақсатым – депутаттық қызметте тұрғындармен ашық байланыс орнату, өзекті мәселелерді шешуге ықпал ету және атқарылған жұмыстардың нәтижесін бақылау. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту, елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту және халықтың талап-тілегін жергілікті өкілді органда жүйелі түрде көтеру. Егер мен аудандық мәслихат депутаты болып сайлансам, төмендегі істерге баса назар аударып, олардың орындалуына бақылау жасап, бар күшімді салатын боламын. Осы ретте, мен өзіме бірқатар міндет қойдым:
– көшелерді жарықтандыру жұмыстарын кезең-кезеңімен жүргізуге ықпал ету;
– жаяу жүргіншілер жолдары мен қоғамдық орындарды ретке келтіру;
– тозығы жеткен электр желілерін жаңарту мәселесін көтеру;
– ауыл шаруашылығына қажетті суару жүйелерін жақсартуға ықпал ету;
– шаруа қожалықтарының мәселелерін шешуге қолдау көрсету;
– ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттың қолжетімді болуына ықпал ету;
– спорттық және мәдени іс-шараларды дамытуға жағдай жасау, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған жобаларды қолдау;
– ауыл аумағын көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жандандыру;
– Гродеково және Қызылдихан ауылдарының тұрғындарымен тұрақты кездесулер өткізіп, түскен өтініштер мен ұсыныстардың қаралуын бақылау, ауыл тұрғындарының мүддесін аудандық мәслихатта қорғау;
– Гродеково ауылында жаңа тұрғын үй алқабының құрылысына ықпал ету;
– сайлау округі аумағындағы елді мекендерді көріктендіруге, көгеріштендіруге, ветеринариялық жұмыстарды жетілдіруге, егістік жерлерді тыңайтуға, экологиялық тұрғыдан қорғауға, шаруашылықтарға қолдау көрсетуге, мұқтаж отбасылардың, көпбалалы аналардың, ерекше күтімді қажет ететін азаматтардың, қарттардың мүддесін қорғау;
– мал және егін шаруашылығын дамытуға, шаруаларға мемлекет тарапынан түрлі қолдау көрсетілуіне, тұрғындардың ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бағдарламаларға қатысуына үнқосу.

Құрметті сайлаушылар!
Барлық отбасы жақсы өмір сүруге лайықты. Қолжетімді әлеуметтік қызмет пен тұрақты жұмыс – ауылдағы ағайын үшін керемет мүмкіндік. Мұның бәрі күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналғанын қалаймын. Мені қолдасаңыздар, уәделерімді орындаймын. Өмірлік ұстанымым – ел игілігі жолында адал еңбек ету, ауданның дамуына үлес қосу. Халыққа қызмет етіп, сайлаушылардың сенімін ақтау.

Тапсырыс беруші: Жамбыл аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Батырбаев М.М.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстары есебінен төленді.

Comments are closed.