Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Жақыпова Назира Әбдіқызы
№12 бірмандаттық аудандық сайлау округі
Өмірбаян
Мен, Жақыпова Назира Әбдіқызы, 1983 жылы 17 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Жасөркен ауылында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. Білімім – арнаулы орта.
2000 жылы М.Әуезов атындаға орта мектепті бітірдім. 2006 жылы гуманитарлық колледжін «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдадым.
2003-2026 жылдар аралығында Тараз қалалық ауруханасының ота бөлімінде кіші медбике болып қызмет еттім. Бүгінде жеке кәсіпкермін.
Отбасында 2 ұл, 4 қыз өсіріп, тәрбиелеудемін.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Туған жеріме қызмет етуге бел буып отырмын
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстан құру жөніндегі берік ұстанымы отаншыл азамат ретінде мені де бейжай қалдырып отырған жоқ. Жаңа Қазақстан құру жолындағы игі іске үлес қосу мақсатында мен де халқыма, туған жеріме қызмет етуге бел буып отырмын.
Егер мен депутат болып сайлансам:
– «Ақжар» каналының жағдайына, су бұру жүйелерін реттеу және арықтарды тазалауды;
– Жасөркен ауылындағы су басу қаупін азайту шараларына, ауызсу сапасы мен үздіксіз берілуді;
– ауылды дамыту жоспарын қайтадан ашық талқылауға шығарып, халыққа қажетті жобаларды бірінші кезекте бекітуді;
– ауыл шаруашылығын дамытуға, үй іргесіндегі жерлерді пайдалануға ықпал жасауды;
– тұрғындарға жылыжай, мал бордақылау алаңдарын салуға жер бөлінуін;
– шаруаларды ең төменгі пайызбен несиелеу бағдарламаларын ұсынатын қаржы институттарын тартуды;
– ауылды абаттандыру, көріктендіру-көгеріштендіру және тазалық жұмыстарына қаржы бөлінуіне;
– көшелерді реттеуге, жолдарды жөндеуге және электр, газ, ауызсу желілері мен құбырлары тартылуына, әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету, білім, мәдениет ошақтарының қалыпты жұмыс істеуіне белсене атсалысып, оның тиімді жолдарын қарастырар едім.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ең бірінші кезекте ауылды, ауыл шаруашылығын дамыту туралы Жарлыққа қол қоюы көп нәрсені аңғартса керек. Ауыл тұрғындары округ бюджетіне түскен және жоғарыдан бөлінген қаржының қандай мақсатқа жұмсалғанын білуге тиіс.
Құрметті сайлаушылар!
Сайлау күні келіп дауыс беру – әр ауыл азаматының азаматтық борышы. Ал, мені қолдап дауыс беру – әр сайлаушының патша көңілінде.
Мен барлық ауыл азаматтарын дұрыс таңдау жасауға шақырамын!
Тапсырыс беруші: Жамбыл аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Жақыпова Н.Ә.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстары
есебінен төленді.
Comments are closed.