Қуатты ауыл – тұрақты экономика — arainews.kz

Қуатты ауыл – тұрақты экономика

5

№8 бірмандаттық аумақтық сайлау учаскесінен
Талас аудандық мәслихатының депутатығына кандидат
Төсбаев Думан Мұхамеджанұлы

Өмірібаян

Мен, Төсбаев Думан Мұхамеджанұлы, 1989 жылы 15 маусымда Талас ауданы, Қызыләуіт ауылында дүниеге келдім. 1996 жылы қыркүйек айында Қызыләуіт ауылындағы Мыңатай Қыстаубайұлы атындағы орта мектебінің табалдарығын аттадым. 2007 жылы аталған мектептің 11 сыныбын бітірдім.

2007 жылы Тараз қаласында орналасқан Тараз Мемлекеттік Педпгогикалық Институтына оқуға түстім, 2011 жылы аталған институтты «Тараих» мамандығын алдым. 2022 жылы Қарағанды қаласында орналасқан Қазтұтынуодағы Қарағанды Университетіне оқуға қабылданып, 2024 жылы аталған университеттің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын алдым.

01.02.2012-01.08.2012 ж.ж. Тараз қалалық әкімдігінде жастар іс-тәжірбесінде болдым. 2012-2013 ж.ж. «Заводстроительных конструкций» ЖШС слесарь. 2013-2014 ж.ж. Тараз қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөліміне қарасты Тараз жастар орталығының ұйымдастырушысы. 11.07.2016-12.12.2016 ж.ж. Тамды ауылдық округ әкімі аппаратында жетекші маманы. 12.12.2016-12.03.2021 ж.ж. Қызыләуіт ауылдық округ әкімі аппаратында бас  маманы. 16.03.2021-24.08.2021 ж.ж. Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы. 25.08.2021-12.01.2022 ж.ж. Талас ауданы білім бөлімінің бас маманы. 12.01.2022-06.02.2023 ж.ж. Талас ауданы білім бөлімінің әдіскері. 13.11.2023-17.12.2024 ж.ж. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия мектебінің директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасыры. 2024 жылдың 19 желтоқсан айынан бастап Талас ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі болып қызмет атқарып келем.

Отбасы жағдайым үйленгенмін 2 ұл бала тәрбиелеп отырмын.

Сайлауалды бағдарлама

Қымбатты Талас ауданы тұрғындары, жерлестер, еңбеккерлер!

Талас ауданының болашағы мен экономикалық қуаты – тікелей ауыл шаруашылығының дамуымен байланысты. Ауыл гүлденсе — аудан гүлденеді. Мен депутат ретінде ауданның аграрлық әлеуетін толық ашып, әрбір ауыл тұрғынының әл – ауқатын арттыруды басты мақсатым деп санаймын. Осы жолда келесі бағыттарды іске асыруға күш саламын.

1.Ауыл шаруашылығын қолдау және дамыту.

Ауданның агроөнеркәсіптік кешенін жаңа деңгейге көтеру үшін мынадай қадамдарды ұсынамын:

Суармалы су мәселесін шешу; Талас өзені бойындағы және аудандағы барлық суару каналдарын, арық жүйелерін механикалық тазартудан өткізу. Шаруаларға судың әділ әрі уақтылы бөлінуін қатаң бақылау. Су тапшылығын жою үшін су үнемдеу технологияларын (тамшылатып және жаңбырлатып суару) енгізуді ынталандыру.

Субсидия мен жеңілдіктердің қолжетімділігі: Мемлекет тарапынан берілетін ауыл шаруашылығы субсидияларының (жанармай, тыңайтқыш, тұқым, асыл тұқымды мал сатып алу) әділ, ашық және ешқандай кедергісіз тікелей нақты шаруаларға жетуін депутаттық бақылауға алу.

Мал шаруашылығын өркендету: Аудан тұрғындарының негізгі күнкөріс көзі – мал шаруашылығы болғандықтан, жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі мәселесін шешу. Пайдаланылмай жатқан немесе заңсыз иемденілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтарып, жергілікті халықтың малы үшін жайылым ретінде ұйымдастыру. Ветеринариялық қызмет көрсету сапасын жақсарту.

«Ауыл аманаты» бағдарламасын кеңейту: Ауыл тұрғындарына 2,5%-бен берілетін жеңілдетілген несиелердің ауданымызда ауқымды жүруіне ықпал ету. Бұл бағдарлама арқылы отбасылық құс, қоян, ара шаруашылықтарын және шағын жылыжайларды ашуды қолдау.

Өнімді өңдеу және өткізу нарығы: Ауданда өндірілетін ет, сүт, жүн мен теріні, сондай-ақ қант қызылшасын, қауын-қарбыз, көкөніс өнімдерін делдалсыз, тікелей тиімді бағамен өткізу үшін шағын өңдеу цехтары мен дайындау пункттерін ашуға инвесторлар тарту. Шаруалардың кооперативтерге бірігуін дамытуға атсалысу.

  1. Сапалы инфрақұрылым – ауыл ажары

Шаруа ісі алға басу үшін ауылдың жағдайы жасалуы тиіс:

Ауылішілік және егістік жолдары: Шаруалар өз өнімдерін қалаға шығынсыз жеткізуі үшін ауылдар мен егістік алқаптарына баратын жолдардың сапасын жақсарту, жөндеу жұмыстарының мерзімінде орындалуын қадағалау.

Тұрақты электр қуаты және газ: Егістік басындағы және қыстаулардағы инфрақұрылымды (жарық, су ұңғымалары) дамыту. Шалғайдағы мал шаруашылығы нысандарына күн және жел энергиясы қондырғыларын орнатуға көмектесу.

  1. Ауылдағы әлеуметтік қолдау және жастарды тұрақтандыру

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы: Ауылдық жерлерге қажетті агрономдарды, ветеринарларды, зоотехниктерді, сондай-ақ мұғалімдер мен дәрігерлерді тарту үшін оларға берілетін көтерме жәрдемақы мен баспана үйлерін алу процесін жеделдету.

Ауыл жастарына қолдау: Жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту, оларды заманауи ауыл шаруашылығы мамандықтарына тегін оқыту курстарын ұйымдастыру.

  1. Халықпен ашық диалог және есептілік

Әділдік пен ашықтық: Аудандық бюджеттің, әсіресе ауыл шаруашылығына бөлінетін қаржының жұмсалуын халық алдында ашық жариялап отыру.

Тұрақты кездесулер: Әрбір ауылдық округте шаруалармен жиі кездесіп, олардың мұң-мұқтажын тікелей аудан басшылығы мен мәслихат мінберіне жеткізу.

Құрметті сайлаушылар!

Ауыл – ел бесігі, береке бастауы. Біз ауыл шаруашылығын дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашып, ауданымыздың әлеуетін көтере аламыз. Маған білдірген сенімдеріңізді нақты іспен ақтаймын!

Қуатты ауыл, тоқшылық және жарқын болашақ үшін дауыс беріңіздер!

Тапсырыс беруші: №8 бірмандаттық сайлау округінен
Талас аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Төсбаев Д.М.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын
шығыстары есебінен төленді.

Comments are closed.