Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Алтынбеков Нұрсұлтан Сәкенұлы — arainews.kz

Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Алтынбеков Нұрсұлтан Сәкенұлы

№2 бірмандаттық аудандық сайлау округі

8

Өмірбаян

Мен, Алтынбеков Нұрсұлтан Сәкенұлы, 1990 жылы 23 ақпанда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Өрнек ауылында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. Білімім – жоғары.
2011 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «География» мамандығы бойынша бітірдім.
Еңбек жолымды 2012 жылы Өрнек ауылындағы Б.Тайшапұлы атындағы орта мектепте «Жастар тәжірибесі» бойынша бастадым. 2013-2015 жылдары осы мектепте тәлімгер, 2015-2024 жылдары мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқардым.
2024 жылдың 20 қыркүйегінен бастап бүгінге дейін Б.Тайшапұлы атындағы орта мектепте география пәнінің мұғалімі қызметін атқарып келемін.

Сайлауалды бағдарламасы

Халықтың талап-тілегі – басты назарда,      ауылдың дамуы – ортақ мақсат!

Құрметті сайлаушылар!
Қазақстан өз даму жолында жаңа кезеңге аяқ басты. Біздің алдымызда терең саяси және экономикалық реформаларды жүргізу, Жаңа Әділетті Қазақстан құру міндеті тұр. Осындай бетбұрыс кезеңде біз елдің тағдыры үшін өзіміздің жауапкершілігімізді сезінуіміз керек әрі ортақ мақсаттарға жету үшін бірігуіміз қажет. Ерік-жіге­рімді Әділетті Қазақстан құру идея­сын жүзеге асыру үшін жұм­сай­мын. Әр қазақстандық отба­сы­ның әл-ауқатының жақ­саруы, заңдылық, тәртіп, бәрі үшін тең мүмкіндікті көздейді. Әді­летті, жаңа Қазақстанды құру жолында мен алдыма бірқатар мін­дет қойдым. Егер мен аудандық мәслихат депутаты болып сайлан­сам, төмендегі игіліктерді аса жауап­­кер­­шілікпен атқаратын боламын.
Өз бойымдағы ізгі қасиеттер мен белгілі бір деңгейдегі тәжірибемді пайдалана отырып, өздеріңіздің ұсыныс-пікірлеріңізді ескеріп, бірлесе жұмыс жасауға дайынмын. Ауыл тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын едәуір арттыру бойынша қойылған міндеттерді шешу үшін сайлауға барамын. Біз бірге болсақ, мықты мемлекет құруға атсалысып, алға қойған мақсаттарға қол жеткізе алатынымызға кәміл сенімдімін.
Халық алдында ұсынып отырған сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыттарына тоқталып өтер болсам:
– ауылішілік жолдарды жөндеу және асфальттау мәселелерін көтеру;
– көшелерді жарықтандыру жұмыстарын жандандыру;
– жаяу жүргіншілер жолдары мен қоғамдық орындарды абаттандыруға ықпал ету;
– ауызсу жүйелерінің сапасы мен тұрақты жұмысын бақылау;
– су құбырларын жөндеу және жаңарту мәселелерін тиісті органдар алдында көтеру;
– тозығы жеткен электр желілерін жаңарту мәселесін көтеру;
– әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды қолдау мәселелерін назарда ұстау;
– жастарды жұмыспен қамту және олардың бастамаларын қолдауға ықпал ету;
– мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен аға буын өкілдерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау;
– шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлердің мәселелерін тиісті мекемелерге жеткізу;
– ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану мәселесін назарда ұстау;
– тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізу;
– азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын назарға алу;
– тұрғындардан келіп түскен өтініштердің орындалуына бақылау жүргізу;
– атқарылған жұмыстар туралы халық алдында есеп беру.
Менің басты ұстанымым – халықпен ашық байланыс орнатып, көтерілген мәселелердің заң аясында шешілуіне ықпал ету. Әрбір тұрғынның мәселесін назардан тыс қалдырмау – депутаттық қызметтің негізгі міндеті.
Халықпен бірге – нақты жұмыс жасаймын! Ортақ мақсат – ауылдың дамуы!

Тапсырыс беруші: Жамбыл аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Алтынбеков Н.С.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстары
есебінен төленді.

Comments are closed.