Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Хыдырбаев Сәрсен Аралбайұлы — arainews.kz

Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Хыдырбаев Сәрсен Аралбайұлы

№2 бірмандаттық аудандық сайлау округі

7

Өмірбаян

Мен, Хыдырбаев Сәрсен Аралбайұлы, 1990 жылы 28 наурызда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Қаракемер ауылында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. Білімім – жоғары.
2011 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын «Бастапқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдадым.
Еңбек жолымды 2011 жылы Тараз қаласындағы №25 орта мектепте алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы болып бастадым. 2014 жылдан бері Қаракемер ауылындағы Төле би атындағы орта мектепте бастапқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы қызметін атқарып келемін. Сонымен қатар мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарудамын.
Отбасымда 4 бала өсіріп, тәрбиелеудемін.

Сайлауалды бағдарламасы

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ БАСЫМДЫҚ БЕРЕМІН!

Өмірлік тәжірибем мен біліктілігімді пайдалана отырып, ауданымыздың экономикалық-әлеуметтік дамуына, халықтың тұрмыс-тіршілігін көтеруге өз септігімді тигізетін боламын. Осы орайда сайлауалды бағдарламамды назарларыңызға ұсынамын:
– Қазақстан Республикасы Конституциясының, адам құқық­тарын, еңбек және еңбекті қорғау туралы, әлеуметтік қорғау мен балалардың құқығын қорғау тура­лы заңнамалардың сақталуына мемлекеттік, қоғамдық бақылауды күшейтуге;
– Аса ауылындағы көпқабатты тұрғын үйлердегі ауызсудың қысымына қатысты мәселені шешуге және тозған инженерлік желілерді жөндеуге, ауылдағы көшелерді және тұрғын үйлерді электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етуге, көшелерді жарықтандыру аясын кеңейтуге;
– Аса ауылындағы аудандық орталық аурухананың күрделі және аудандық емхананың ағым­дағы жөндеуден өтуіне, жабдық­талуын жақсартуға, бейін­ді дәрігерлердің қызметі мен медициналық көмектің қолже­тімділігін арттыруға, ауылдағы медициналық мекемелерге «Дипломмен – ауылға!» жобасын пайдаланып, жас мамандарды жұмысқа орналастыруға;
– мемлекеттік саясатты қолдау мақсатында оқушыларға білім беру мекемелерінде мемлекеттік тілді және шет тілін терең меңгеруге жағдай жасауға;
– білім ұяларының материал­дық-техникалық жағдайын жақсартуға, оның ішінде округ аумағындағы мектептердің интернет жүйе­сіне нақты қосылуына, мульти­медиялық, лингофондық кабинеттерді жарақтауға;
– шағын және орта бизнесті қолдауға, шаруалар мен фермерлік қожалықтардың жұмысын жан­дан­дыруға, оларға жергілікті бюд­жет­тен жеңілдетілген несие берілуіне;
– жастарға қолдау көрсетуге, ауылдағы халықтың әл-ауқатын көтеруге, қайтарымсыз гранттар мен төмен пайыздағы несиелер алуға;
– «Ауыл аманаты», «Іскер аймақ» жобаларының Аса ауылында жүзеге асуына;
– аудан экономикасының да­муына, тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының жақсаруына;
– бюджет есебінен инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым тартуға қаражат бөлуге ықпал ететін боламын.

Құрметті сайлаушылар!
Депутат болу – жауапты міндет. Бұл елдің алдында адал еңбекпен көрінуді талап етеді. Егер сайлауда сіздер мені қолдап, депутат болып сайлансам, сіздердің үміттеріңіз бен сенімдеріңізді ақтаймын.

Тапсырыс беруші: Жамбыл аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Хыдырбаев С.А.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстары
есебінен төленді.

Comments are closed.