Жаңа Конституция – бүгінгі буынның ғана емес, келер ұрпақтың да жарқын болашағына бағытталған стратегиялық құжат.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жаңа Конституцияны «халықтық Конституция» деп атады. Бұл – кездейсоқ айтылған сөз емес. Өйткені, жаңа Ата Заң бүкіл халықтың тікелей еркімен қабылданды. Оның әрбір қағидаты ел азаматтарының ортақ таңдауына, қоғамның сұранысына және мемлекетіміздің ұзақ мерзімді дамуына негізделген. Бүгіннен бастап Қазақстан өзінің дамуының жаңа кезеңіне қадам басты. Бұл- Әділетті Қазақстанды құру жолындағы жаңа белес. Жаңа Конституция еліміздің құқықтық жүйесін жетілдіріп қана қоймай, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенім мен жауапкершіліктің жаңа үлгісін бекітті.
Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын, қоғам мен билік арасындағы қарым-қатынасты реттейтін маңызды құжат. Онда азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, мемлекеттің негізгі қағидаттары мен даму бағыты айқын көрініс табады. Сондықтан Ата Заңның қабылдануы немесе оның күшіне енуі – ел тарихындағы ерекше саяси-құқықтық оқиға ғана емес, мемлекеттің жаңа даму кезеңіне қадам басқанын білдіретін маңызды белес. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуі де – елдің құқықтық жүйесін заман талабына сай жаңғыртуға бағытталған тарихи қадам. Халықтың ерік-жігеріне сүйене отырып қабылданған жаңа Ата Заң адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, заң үстемдігін орнықтыруға, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және азаматтық қоғамның рөлін нығайтуға негіз қалайды. Бұл құжат Әділетті Қазақстанды құру жолындағы маңызды бастамалардың бірі ретінде елдің тұрақты дамуы мен қоғамдық келісімнің жаңа кезеңін айқындай түспек. Жаңа Конституцияның күшіне енуі – құқықтық құжаттың қолданысқа енгізілуі ғана емес, қоғам өміріндегі жаңа кезеңнің басталғанын білдіретін маңызды оқиға.
Жұматай Көксубай