«Қазфосфат» өз жұмыскерлерінің жалақысын көтеріп, тегін ыстық тамақпен қамтуда | arainews.kz

«Қазфосфат» өз жұмыскерлерінің жалақысын көтеріп, тегін ыстық тамақпен қамтуда

4 329

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың әлеуметтік ахуалын жақсартуға үнемі назар аударып келеді. Бұл бастамаға еліміздегі ірі кәсіпорындар да үлес қосуы тиіс екенін айтқан. Бұл орайда, Жамбыл облысындағы «Қазфосфат» ЖШС өңір бюджетіне қомақты салықтық түсімдерден бөлек, қоғамдық-әлеуметтік шараларға белсене атсалысуда.

Аймақтағы ірі компанияның демеушілігімен қолға алынған әлеуметтік жобалар жыл сайын жалғасын тауып, көптеген тұрғындардың ыстық ықыласына ие болған. Биыл «Қазфосфат» зауыттарында еңбек ететін 6 мың 500ден астам жұмысшының жалақылары 20 пайызға көтерілді. Бұл да Президент тапсырмасын орындауға саяды.

Осы жылы іргелі ұжым әр жазда жүздеген жамбылдық жеткіншектерді қабылдайтын балалар лагерін жөндеуден өткізіп, пайдалануға ұсынған. Онда негізінен еңбеккерлердің балалары демалды.

«Биыл «Қазфосфат» ЖШС Сарысу мен Талас аудандарындағы «Қаратау», «Шолақтау» тау-кен өңдеу кешендерінде жаңғырту жұмыстарын жүргізіп, бес жұмысшылар тамақтанатын асхананы іске қосты. Барлық асханалар заманауи құрылғылармен жабдықталған. Орындалған іс-шаралар 3 тамыздан бастап тәулігіне 1,4 мың адамға дейін тегін сапалы тамақпен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп келеді. Осы тау-кен орнында соңғы 24 жылдың ішінде тегін тамақпен қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар болмағанын атап өту қажет. «Қазфосфат» ағымдағы жылы асханаларды жөндеуге және жаңадан жабдықтауға шамамен 135 млн теңге бөлді», — деп хабарлады компанияның басшылығынан.

Өткен жылдан бастап Тараз қаласындағы зауыттарда жұмыс істейтін 3,5 мың қызметкер ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі екен, бүгінгі күні компания 5 мыңға жуық қызметкерді тегін тамақтандырып отыр. Жыл сайын тегін тамақпен қамтамасыз етуге «Қазфосфат» ЖШС 1 млрд теңгеден астам қаражат бөледі.
«Барлық атқарылған жұмыс қызметкердің көңіл-күйіне және компанияның беделіне оң әсер еткені сөзсіз, қысқа уақыт ішінде нәтижелер бар.

Біз ұжымда және қоғамда сенімді қалыптастыруға ұмтыламыз — бұл күрделі және еңбекті көп қажет ететін жұмыс», — деп атап өтті компанияның жауапты мамандары.

  

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.