«25 қазан – Республика күні: тарих һәм дерек» | arainews.kz

«25 қазан – Республика күні: тарих һәм дерек»

5

25 қазан  – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігінің маңызды сәті болып саналатын Республика күніне орай, Ш.Уәлиханов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада «25 қазан – Республика күні: тарих һәм дерек»  оқырман конференциясы ұйымдастырылды.

Конференция барысында қатысушылар Республика күнінің тарихына, оның мазмұны мен маңызына кеңінен тоқталды. Басты назарда Қазақстанның егемендікке дейінгі және тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдер болды. Әсіресе, Қазақстанның жаңа тарихында Республика күнінің алған орны ерекше атап өтілді. Әрбір қатысушы өз ойларымен бөлісіп, еліміздің дамуы жолындағы маңызды кезеңдерді айшықтады.

Шараға тарихшылар, кітапхана оқырмандары, оқушылар мен қоғам белсенділері қатысты. Олар еліміздің егемендікке дейінгі және одан кейінгі кезеңдерін саралады. Кеш барысында әуезді ән айтылып, патриоттық өлеңдер оқылды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.