2018 жылға арналған дайындық жоспарына сәйкес Қазақстанның Қарулы Күштерінде қорытынды тексеру басталды | arainews.kz

2018 жылға арналған дайындық жоспарына сәйкес Қазақстанның Қарулы Күштерінде қорытынды тексеру басталды

166

Ол бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілетінің деңгейін бағалау үшін өңірлік қолбасшылықтардың барлық әскери бөлімдері мен құрамаларында өткізілуде.

Негізгі мақсаты жеке құрамның машығын, взводтардың, роталардың, құрамалар мен бөлімдер батальондары басқармаларының деңгейін, бөлімшелердің қысқа мерзімде қойылған жауынгерлік тапсырмаларды орындауға әзірліктерін тексеру болып табылады.

Қорғаныс министрлігі арнайы кешенді комиссия құрды. Олар еліміздің барлық өңірлеріне жіберілді. Қорытынды тексеріс үш кезеңде өткізіледі. Тексеріске штаттық жауынгерлік техникамен жауынгерлік оқ атулар мен тактикалық оқу-жаттығуларды өткізе отырып, өңірлік қолбасшылықтардың, батальондардың (дивизиондардың) барлық басқармалары, взводтар, роталар (батареялар) мен оларға теңестірілгендер тартылды.

Оқыту пәндері бойынша сабақтар бөлімдердің ұдайы орналасу пункттерінде және оқу-жаттығу орталықтары мен полигондарда өтуде. Тексерілетін пәндердің қатарында атыс, тактикалық, арнайы дайындық, жауынгерлік машиналарды жүргізу, әскери топография, инженерлік, дене және саптық даярлық бар.

Комиссия сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техниканың жай-күйін, бағынысты құрамаларда жауынгерлік даярлықты басшылыққа алу бойынша лауазымды адамдардың жұмысының ұйымадстырылу жүйесін, жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін тексереді. Әр әскери қызметшіге жеке дара тәртіпте және бөлімшелер құрамында теория жүзінде ғана емес, сонымен бірге, практика жүзінде емтихандар тапсыруға тура келеді.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.