15 жасар қазақ қызы «Мисс Мәскеу-2018» байқауының финалына өтті | arainews.kz

15 жасар қазақ қызы «Мисс Мәскеу-2018» байқауының финалына өтті

176

15 жасар қазақ қызы Дина Қожасаева «Мисс Мәскеу-2018» байқауының финалына шықты.

Мәлім болғандай, Дина туғаннан бері Мәскеу қаласында тұрады екен. Оның анасы Линда Қожасаеваның айтуынша, өз отбасының Қазақстаннан ертеректе көшіп барған. Ол барғалы жұрт қатарлы күн кешкендерін, балалары сонда мектепте оқығанын, ара-тұра Алматыдағы және Шудағы туыстарына келіп тұрғанын айтады. Бірақ қызының бұл байқауға қатысуы аяқасты болғанын айтады.

«Менің құрбым бар — ол өзі Мәскеу мисі. Ол Динаны көрген кезде байқауға қатыс деп кеңес берді. Біз өтінім жолдадық, кейін бізді шақырды. Дина ұйымдастырушы комиссияға ұнаған көрінеді. Кастинг кезінде Дубайдағы журналдардың бірінің редакторы байқап қалып, түсірілімге шақырды», — дейді Линда Қожасаева.

Қазір Дина 9-сыныпта оқиды және қосымша музыкалық мектепте білім алады.

Байқаудың финалы 28 қараша күні өтеді. Онда жеңімпаз атанған қатысушы «Ресей сұлуы-2019» ұлттық фестиваліне қатысады.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.