Үшкіндік оқыту семинары өтті | arainews.kz

Үшкіндік оқыту семинары өтті

182

Шу ауданында облыс әкімдігінің дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәні мұғалімдерімен ақпараттық-түсіндіру топтары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған үшкүндік аймақтық оқыту семинары өтті. Оған Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов, Мойынқұм және Шу аудандарының ұстаздары арнайы келіп қатысты.

Алғашқы күні дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы С.Байбатшаеваның сөзімен ашылған семинар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, РҺD докторы Құдайберді Бағашардың дәрісімен жалғасты. «Қазақ ғұламаларының діни философиялық және моральдік көзқарастары», сондай-ақ, «Қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі діни сауаттылықтың рөлі» атты екі бірдей тақырыпта дәріс оқыған Құдайберді Сабыржанұлы бірқатар мұғалімдердің сұрақтарына да жауап берді. Сонымен қатар, «Қоғамдық келісім» КММ бас эксперті, педагогика ғылымдарының магистрі Альбина Тапаева Әулиеата өңіріндегі ұлтаралық ахуалдың жайын қозғап, ондағы діннің атқарар маңызын жан-жақты түсіндіріп берді. Шараның екінші күнінде «Рух» психология және тұлғаны дамыту орталығының директоры, клиникалық психолог Резеда Баймухаметова мектеп жасындағы оқушылардың ғаламторға деген тәуелділігін жою, жастар арасындағы суицидтің алдын алуға қатысты өзінің көпжылдық тәжірибесімен бөлісіп, семинарда алған білімді мектептегі оқушылармен жұмыс жүргізуде пайдалануды ұсынды. Үшінші күні «Әзіреті Сұлтан» мешітінің ұстазы, Muslim.kz рухани-ағарту ақпараттық порталының редакторы Мақсатбек Қайырғалиев пен «һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ержан Аманбаев және философия ғылымдарының кандидаты Дина Кульбаева дін мен дәстүр, экстремизм мен терроризм төңірегінде дәріс оқып, аталған саладағы басқа да өзекті мәселелер қызу талқыға салынды. Әлемдік және дәстүрлі діндерғ ислам діні мен оның бағыттары, теріс бағыттағы діни ағымдардың мәні туралы да айтылды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.