«Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттары марапатталды

Тараз қалалық мәдениет үйінде  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттарын салтанатты құттықтау рәсімі ұйымдастырылды. 

Іс-шара барысында қала әкімі Ғ.Әбдірайымов 7 номинация бойынша азаматтарды алғыс хатпен және  бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Атап айтар болсақ, «Жыл меценаты» номинациясы — «Арайстроймаркет-2003» ЖШС-ның директоры А.Еділбаев, «Туған өлке» номинациясы — «Жамбыл-жылу» кәсіпорнының  директоры   Ж.Бөлекбаев,  «Жүректен жүрекке» номинациясы — «Өркен-Ниет» қорының директоры Б.Жұмаханов, «Жыл тұлғасы» номинациясы — «Логитех» ЖШС-ның директоры А.Скрамовский, «Жылдың үздік ұйымы» номинациясы — «Мүгедек жастар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Р.Төлегенов,  «Ерен еріктілік» номинациясы — «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің жанынан құрылған «Темірқазық» волонтерлар қозғалысының көшбасшысы Е.Әбдиев, «Батыл жүрек» номинациясы — Тараз қалалық ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметінің жол қауіпсіздігі полициясының аға лейтенанты С.Алашев құрметке бөленді.

Жиынға облыстық және қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, облыстық және қалалық мәслихаттың депутаттары, «Нұр Отан» партиясының облыстық, қалалық филиалдарының, Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының, жоғарғы және арнаулы оқу орындарының, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қалалық бөлімдердің басшылары мен қызметкерлері, білім беру және денсаулық сақтау саласының қызметкерлері қатысты.

zhambylnews.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.