Мұнайдың әлемдік бағасы құбылып тұр

Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларындағы бейсенбі күнгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша, мұнай бағасы құбылып тұр.

Сауда-саттық нәтижесінде, қыркүйек айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы Лондонның ICE Futures биржасында 0,32 долларға өсіп, баррелі 72,58 доллар болды.

WTI маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстерінің құны Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 0,7 долларға төмендеп, баррелі 69,46 долларды құрады.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.