Білімді ұрпақ – озық ғылым – өркендеген өңір! — arainews.kz

Білімді ұрпақ – озық ғылым – өркендеген өңір!

5

№6 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат
Нурбеков Талгат Балтабекович

Өмірбаяным

Құрметті жерлестер!

Мен, Нурбеков Талгат Балтабекович, 1987 жылғы 2 сәуірде Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келдім.
Білімім жоғары. 2005-2009 жылдары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Тараз филиалында білім алып, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын тәмамдадым. 2009-2012 жылдары Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде магистратурада оқыдым. Филология саласы бойынша PhD-мін.
Еңбек жолымды 2009 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің тәрбие бөлімінде үйірме жетекшісі болып бастадым. 2012 жылы аталған университетте ректордың көмекшісі қызметін атқардым. 2013-2014 жылдары Тараздағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ұстаздық еттім. 2017 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде ректор аппаратының басшысы лауазымында жұмыс істедім.
2022-2025 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінде докторантурада білім алып, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналыстым. Ғылыми ізденістерімнің нәтижесінде бірқатар ғылыми еңбектер мен монографиялар жарық көрді. Сонымен қатар Scopus халықаралық ғылыми деректер базасына енген басылымдарда ағылшын тілінде ғылыми мақалаларым жарияланды. «Қазақ ертегілерінің әлемдік тілдік бейнесі» тақырыбында докторлық диссертациямды қорғадым.
2025 жылдан бастап Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің филология факультетінің деканы қызметін атқарып келемін.
Еңбегім мен кәсіби қызметім үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және Жамбыл облысы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталдым.
Отбасылымын, төрт балам бар. Екі ұл, екі қыз тәрбиелеп отырмын.

Сайлауалды бағдарлама

Қадірлі сайлаушылар!

Менің басты мақсатым – Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына, білім мен ғылымның өркендеуіне, жастардың әлеуетін арттыруға және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бастамаларды жүзеге асыруға ықпал ету.
Филология ғылымының өкілі, жоғары оқу орнының оқытушысы әрі басшысы ретінде білім мен ғылымның қоғам дамуындағы шешуші рөлін жақсы түсінемін. Сондықтан сайлауалды бағдарламамның негізгі басымдықтарының бірі – білім беру сапасын арттыру, ғылымды қолдау, жастарға жаңа мүмкіндіктер ашу. Сонымен қатар тұрғындарды толғандырған әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерді шешу жолында жүйелі жұмыс жүргізуді көздеймін.

Білім беру сапасын арттыру – басты басымдық

• Ауылдық және қалалық мектептер арасындағы білім сапасының алшақтығын азайтуға, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жаңартуға ықпал ету;
• Мектептердегі пән кабинеттерін, зертханаларды, кітапханаларды заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мәселесін көтеру;
• Үш ауысымды, апатты және орын тапшылығы бар мектептер мәселесінің шешілуіне қолдау көрсету;
• Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруға, тәжірибе алмасуына және шығармашылық ізденісіне жағдай жасау;
• Оқушылардың функционалдық сауаттылығын, тіл үйрену қабілетін, сыни ойлау және цифрлық дағдыларын дамытуға бағытталған жобаларды қолдау;
• Дарынды балаларды анықтау мен олардың ғылыми, шығармашылық және зияткерлік әлеу- етін дамытуға арналған үйірмелер мен орталықтардың жұмысын жандандыру;
• Мектеп оқушыларының кәсіптік бағдар алуына, болашақ мамандығын дұрыс таңдауына жағдай жасау.

Ғылым мен инновацияны дамыту

• Жамбыл облысындағы жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтарының ғылыми әлеуетін арттыруға бағытталған бастамаларды қолдау;
• Жас ғалымдардың ғылыми жобаларына, зерттеулеріне және стартаптарына қаржылай қолдау көрсету тетіктерін дамыту мәселесін көтеру;
• Өңірдегі жоғары оқу орындары, колледждер мен өндіріс орындары арасындағы ғылыми-тәжірибелік байланысты нығайту;
• Ғылыми еңбектерді халықаралық ғылыми кеңістікке шығаруға, Scopus және Web of Science сияқты халықаралық дерекқорлардағы жарияланымдарды арттыруға жағдай жасау;
• Жергілікті ғылыми жобалардың өңір экономикасына, ауыл шаруашылығына, өнеркәсіпке және әлеуметтік салаға енгізілуіне ықпал ету;
• Жастардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыру мақсатында облыстық ғылыми байқаулар, конференциялар мен форумдар ұйымдастыруды қолдау;
• Өңірдің тарихи-мәдени мұрасын, қазақ тілін, әдебиеті мен рухани құндылықтарын зерттеу және насихаттау бағытындағы жобаларды дамыту.

Жастар саясаты және кәсіби мүмкіндіктер

• Жоғары оқу орындары мен колледж түлектерін жұмыспен қамтуға бағытталған тиімді тетіктерді дамытуға ықпал ету;
• Жастардың сұранысына сай техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жетілдіру мәселесін көтеру;
• Жас мамандарды ауылдық елді мекендерге тарту және оларға әлеуметтік қолдау көрсету шараларын жетілдіруді ұсыну;
• Жастар кәсіпкерлігін, инновациялық жобаларын және әлеуметтік бастамаларын қолдау;
• Студенттердің жатақханаға қолжетімділігін арттыру мәселесін назарда ұстау;
• Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін спорттық, мәдени және шығармашылық нысандардың қолжетімділігін арттыруға ықпал ету.

Инфрақұрылымдық мәселелерді шешу

Тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін инфрақұрылымдық мәселелерді шешу – өңірлік дамудың маңызды көрсеткіші.
• Елді мекендердегі ауызсу жүйелерінің сапасы мен үздіксіз берілуін қамтамасыз ету мәселесін бақылауда ұстау;
• Тозығы жеткен су құбырлары мен кәріз жүйе- лерін жаңғыртуға бағытталған жобалардың іске асырылуына ықпал ету;

Қадірменді жерлестер!

Мен үшін депутаттық қызмет – тұрғындардың сенімін ақтауға, олардың мәселелерін шешуге және өңірдің дамуына үлес қосуға бағытталған жауапты міндет. Білім мен ғылымды дамыту, жастардың мүмкіндіктерін кеңейту, елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту және халықтың өмір сапасын арттыру жолында жүйелі жұмыс жүргізуді мақсат етемін.

Тапсырыс беруші: №6 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Нурбеков Т.Б.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан
жабылатын шығыстары есебінен төленді.

Comments are closed.