Ел үшін еңбек, халық үшін қызмет! — arainews.kz

Ел үшін еңбек, халық үшін қызмет!

4

№5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат
Койлыбаева Эльмира Сериковна

Өмірбаяным

Құрметті сайлаушылар!

Мен, Койлыбаева Эльмира Сериковна, 1970 жылы 12 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылында дүниеге келдім. Қазақстан Республикасының азаматымын, ұлтым – қазақ.
1992 жылы Алматы қаласындағы Қазақ қыздар мемлекеттік педагогикалық институтын тәмамдадым. Мамандығым – тарих пәнінің мұғалімі, біліктілік дәрежем – педагог-шебер.
Еңбек жолымды 1992 жылы Тараз қаласы Жамбыл атындағы №5 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі болып бастап, 2006-2008 жылдары аталған оқу ордасы директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқардым.
2008-2010 жылдары Тараз қаласындағы №25 орта мектептің, 2010-2022 жылдары Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназияның, 2022-2023 жылдар аралығында Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназияның директоры қызметін атқардым.
2023 жылдан Тараз қаласындағы №64 мектептің директоры қызметін атқарудамын.
Отбасылымын, бір ұл, бір қызым бар.

Бағдарламаның негізгі басым бағыттары

«Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламаларын негізге ала отырып, өз бағдарламамды ұсынамын. Бағдарлама 6 негізгі бағыттан тұрады:

1. Сапалы білім және заманауи мектеп

– округ аумағындағы мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға ықпал ету;
– білім беру ұйымдарын заманауи оқу құралдарымен жабдықтауға қолдау көрсету;
– ескірген мектеп ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал ету;
– қосымша білім беру балалар орталықтарын қажетті материалдық ресурстармен толыққанды қамтамасыз ету;
– мектеп бітірушілерді техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі арқылы сұранысқа ие мамандықтармен қамтуға жағдай жасау.

2. Балалардың дамуы және қауіпсіз балалық шақ

– балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін тұрғын үй аулаларында заманауи ойын, спорт және шығармашылық алаңдарын салуға ықпал ету;
– балалардың жан-жақты дамуына арналған әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын құруды қолдау;
– балалар мен жасөспірімдерге арналған бос уақытты ұйымдастыру орталықтарын дамыту.

3. Жастар және жаңа мүмкіндіктер

– жастарды жұмыспен қамтуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ету;
– тапшы мамандықтар бойынша дәрігер, инженер және педагог-жас мамандарды әлеуметтік қолдаудың аймақтық моделін құруға атсалысу;
– жастардың техникалық және кәсіптік білім алуына, сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруіне мүмкіндік жасау.

4. Әлеуметтік әділеттілік және халықты қолдау

– көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылардың уақытылы төленуіне ықпал ету;
– халыққа көрсетілетін мемлекеттік әлеу- меттік міндеттемелердің орындалуына қоғамдық бақылау жасау;
– әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған бастамаларды қолдау.

5. Қолайлы қалалық орта және инфрақұрылым

– қала көшелерінің ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге, тротуарларды жаңғыртуға ықпал ету;
– қоғамдық көлік бағыттарын оңтайландыру, көлік санын арттыру және жаңарту мәселесін көтеру;
– жеке тұрғын үй секторларындағы тозығы жеткен су құбырларын ауыстыруға ықпал ету;
– орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылмаған көшелердегі арық жүйелерін қалпына келтіру, лотоктар орнату және жер асты құбырларын ауыстыруға атсалысу;
– қаланың батпақты учаскелеріндегі дренаждық жүйелерді қалпына келтіру және дамыту;
– көшелерге қоқыс жинайтын жәшіктер орнатуға және санитарлық талаптардың сақталуына ықпал ету.

6. Қоғамдық бақылау және азаматтық жауапкершілік

– «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген міндеттердің жүзеге асуына атсалысу;
– округ аумағында атқарылатын инфрақұрылымдық жұмыстардың сапасы мен мерзіміне қоғамдық бақылау жүргізуге ықпал ету;
– жол жөндеу жұмыстарының сапалы орындалуын бақылау;
– әлеуметтік міндеттемелер мен мемлекеттік қолдау шараларының орындалуына қоғамдық бақылауды күшейту.

Қадірменді сайлаушылар!

Біз дамудың жаңа кезеңіне қадам бас- тық. Қоғамдағы өзгерістер әрқайсымыздан белсенділік пен жауапкершілікті талап етеді. Менің мақсатым – нақты бастамалар арқылы қаламыздың дамуына үлес қосып, тұрғындардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын жақсартуға атсалысу. Өйткені қала болашағы – ортақ жауапкершілігіміз!
Баршаңызды сайлау учаскесіне келіп, азаматтық борышыңызды орындауға және дұрыс таңдау жасауға шақырамын!

Тапсырыс беруші: №5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Койлыбаева Э.С.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын
шығыстары есебінен төленді.

Comments are closed.