Бірлігіміз бекем болса, алынбайтын асу жоқ! — arainews.kz

Бірлігіміз бекем болса, алынбайтын асу жоқ!

2

№1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат
Калманов Нурлан Серикулы

Өмірбаяным

Құрметті сайлаушылар!

Мен, Калманов Нурлан Серикулы, 1977 жылдың мамыр айында Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Крупская ауылында дүниеге келдім.
1994 жылы Керімбай Буралқиев атындағы орта мектепті бітірдім. Сол жылы Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы мемлекеттік университетке оқуға түсіп, 2000 жылы экономика мамандығы бойынша жоғары білім алдым.
Еңбек жолымды 2000 жылы Тараз қаласындағы №1 ауруханада бухгалтер-кассир қызметінен бастадым. Кейінгі жылдары әртүрлі мекемелерде экономист, шаруашылық меңгерушісі және автокөлік шаруашылығы бойынша механик қызметтерін атқардым.
Еңбек жолым барысында экономика, шаруа- шылықты ұйымдастыру және көлік салалары бойынша мол тәжірибе жинақтадым. Әр салада атқарған қызметтерім кәсіби біліктілігімді арттырып, басқару және ұйымдастырушылық қабілетімді шыңдауға мүмкіндік берді.
Қазіргі таңда «Серік И Компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры қызметін атқарамын.
Отбасылық жағдайым – үйленгенмін. Бес баланың әкесімін: төрт қызым және бір ұлым бар.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРЫ

Қадірлі жерлестер!

Егер мен депутат болып сайланған жағдайда төмендегі мәселелерді шешуге күш саламын:

• Ауыл-аймақтың инфрақұрылымын дамыту.
• Ауылішілік жолдардың сапасын жақсартуға және жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал ету.
• Ауызсу, электр энергиясы және газбен қамту мәселелерінің шешілуін бақылау.
• Көшелерді жарықтандыру, қоғамдық орындар мен балалар ойын алаңдарын абаттандыруға қолдау көрсету.
• Ауылдардың санитарлық тазалығы мен көріктендірілуіне ерекше көңіл бөлу.

Жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті қолдау

• Жергілікті кәсіпкерлердің дамуына қолайлы жағдай жасау жөнінде ұсыныстар енгізу.
• Жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал ету.
• Жастар мен жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқыту және еңбекке орналастыру мәселелерін көтеру.
• Шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың қолжетімділігін арттыруға атсалысу.
• Жергілікті кәсіпкерлер мен мемлекеттік мекемелер арасындағы өзара байла- нысты нығайту.

Білім беру және жас ұрпақтың болашағы

• Мектептердің материалдық-техникалық жағдайын жақсарту мәселелерін көтеру.
• Білім беру ұйымдарының жөндеу жұмыстары мен қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуіне назар аудару.
• Жастардың сапалы білім алуына, спортпен және шығармашылықпен айналысуына жағдай жасауға қолдау көрсету.
• Жас мамандарды ауылдық жерлерге тарту мәселесіне басымдық беру.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау

• Ауылдық елді мекендердегі медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелерін көтеру.
• Медициналық пункттер мен емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсартуға ықпал ету.
• Дәрігерлер мен медицина мамандарының ауылдық жерлерге тартылуына қолдау көрсету.
• Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға, көпбалалы аналарға, ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсету мәселелерін назарда ұстау.
• Қарт адамдардың әлеуметтік жағдайын жақсарту және олардың қажеттіліктеріне көңіл бөлу.
• Халықтың медициналық және әлеуметтік қызметтерге қолжетімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар енгізу.

Жастар саясаты және спортты дамыту

• Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған жобаларды қолдау.
• Ауылдарда спорт алаңдары мен спорттық инфрақұрылымды дамытуға ықпал ету.
• Жас кәсіпкерлердің бастамаларына қолдау көрсету.
• Дарынды және белсенді жастардың қоғамдық өмірге араласуына мүмкіндік жасау.

Қадірменді жерлестер!

Менің депутаттық қызметімнің негізгі қағидаттары:
• Әділдік – әр тұрғынның мәселесіне бірдей қарау.
• Ашықтық – халықпен тұрақты байланыста болу.
• Жауапкершілік – әрбір көтерілген мәселенің нәтижесін бақылау.
• Нақтылық – құрғақ уәде емес, нақты ұсыныс пен нәтижеге жұмыс істеу.
• Халық мүддесі – барлық бастаманың негізіне тұрғындардың қажеттілігін қою.

Менің мақсатым – туған өлкеміздің дамуына үлес қосу, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға атсалысу, ауыл мен қала арасындағы даму алшақтығын азайту және келешек ұрпаққа қолайлы орта қалыптастыру.
Сіздердің сенімдеріңізді ақтау үшін білімім мен тәжірибемді, күш-жігерім мен уақытымды ел игілігіне жұмсауға дайынмын.
Бірлігіміз бекем, мақсатымыз ортақ болса, алынбайтын асу жоқ!

Тапсырыс беруші: №1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Калманов Н.С.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын
шығыстары есебінен төленді.

Comments are closed.