Оспанкулова Макбал Ермековна — arainews.kz

Оспанкулова Макбал Ермековна

Талас ауданының білім бөлімі Балалар өнер мектебінің хореографы

3

1988 жылы 31 қаңтарда Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласында дүниеге келген.

Білімі: жоғары

2022 жылы Мухтар Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының «Хореограф»,                мамандығын алған.

Еңбек өтілі:

2012 жылы — Қаратау қаласы, Қаратау бизнес және технология колледжіні, жастар тәжірибесі қызметін атқарған.

2013-2014 жж. – Талас ауданының білім бөлімінің іс жүргізушісі.

2014-2018 жж. – «Азияда» бала бақшасының хореографы.

2018-2026 жж. – Балалар өнер мектебінің хореограф қызметін атқарып келеді.


Құрметті жерлестер, қадірлі ағайын!

Мен, Оспанкулова Макбал Ермекқызы, сіздермен бүгін ауданымыздың болашағы, халықтың әл-ауқаты және қоғамдағы өзекті мәселелер жөнінде ой бөлісу үшін кездесіп отырмын.

Менің ұстанымым – халықтың сенімі мен аманатына адал болу, ел мүддесі үшін нақты істер атқару.

Менің бағдарламам алты негізгі бағытты қамтиды.

Бірінші – халықтың әлеуметтік қорғалуын күшейту.

Әрбір отбасының жағдайы, жастардың болашағы, көпбалалы отбасылар мен зейнеткерлердің әл-ауқаты назардан тыс қалмауы тиіс. Әсіресе, ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға қолдау көрсетіп, әлеуметтік қызметтердің қолжетімді болуына күш салуымыз қажет.

Екінші – білім мен жастар саясаты.

Жастар – елдің ертеңі. Оларға сапалы білім алуға, кәсіби мамандық меңгеруге, жұмысқа орналасуға және өз қабілетін жүзеге асыруға мүмкіндік жасалуы керек. Жастардың туған жерінде еңбек етіп, өз болашағын құруына жағдай жасау маңызды.

Үшінші – мәдениет пен өнерді дамыту.

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі. Ауылдық мәдениет ошақтарының жұмысын жандандыру, шығармашылық ұжымдарды қолдау, өнерлі жастарға жол ашу және ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау – маңызды міндеттердің бірі.

Төртінші – ауылдық елді мекендерді көркейту.

Халықтың өмір сапасы ең алдымен тұрмыстық жағдаймен өлшенеді. Жол, ауыз су, жарық, интернет, мектеп, медициналық және спорт нысандарының қолжетімді болуы – әрбір тұрғын үшін маңызды мәселе. Бұл бағыттағы мәселелерді тиісті орындарға жеткізіп, шешілуіне ықпал ету қажет.

Бесінші – экология және тазалық.

Таза аудан – баршамызға ортақ міндет. Қоршаған ортаны қорғау, көшелердің тазалығын сақтау, көгалдандыру жұмыстарын жандандыру және санитарлық жағдайды жақсарту бағытында жүйелі жұмыс жүргізуіміз керек.

Алтыншы – ашық әкімшілік және халықпен тікелей байланыс.

Халықтың ұсынысы мен өтініші назардан тыс қалмауы тиіс. Әрбір мәселені тыңдап, оның шешілу жолын қарастыру, атқарылған жұмыс туралы ашық есеп беру – жауапты қызметтің басты қағидасы болуы керек.

Құрметті ағайын!

Мен үшін ең маңыздысы – құрғақ уәде емес, нақты нәтиже. Әрбір бастаманың мақсаты, орындалу мерзімі, қаржыландыру көзі және жауапты тұлғасы болғаны дұрыс.

Біздің ортақ мақсатымыз – тұрғындарына жайлы жағдай жасалған, жастарына мүмкіндік берген, үлкеніне құрмет, кішісіне қамқорлық көрсеткен өркенді Талас ауданын қалыптастыру.

Халықтың сенімі – үлкен жауапкершілік.

Елге қызмет ету – абыройлы міндет!

Баршаңызға амандық, бірлік пен береке тілеймін!

Рақмет!

Comments are closed.