Талас ауданында ауқымды экологиялық акция өтті - arainews.kz

Талас ауданында ауқымды экологиялық акция өтті

49

Бүгін ауданымызда 5 маусым – Халықаралық қоршаған ортаны қорғау күні және Эколог күніне орай «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы ұйымдастырылды.

Іс-шара Қаратау қаласындағы Орталық саябақта өтіп, табиғатты қорғау, қоршаған ортаны аялау және экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болды.

Акция барысында саябақ аумағында тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, қоқыстар жиналып, айнала тазартылды. Бұл шара қоршаған ортаны таза ұстау мәдениетін қалыптастыруға үлес қосты.

Жиын барысында құттықтау сөз Талас ауданының әкімі Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлына беріліп, ол табиғатты сақтау мен экологиялық сананы қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асемов Жұмабек те ізгі тілегін білдіріп, игі бастамаларға сәттілік тіледі.

Іс-шара концерттік бағдарламаға ұласып, қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

«Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы – табиғатты аялауға шақыратын маңызды бастама.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.