Тараз – Шымкент ақылы жол учаскесінде орташа жылдамдықты тіркеу жүйесі қайта іске қосылды - arainews.kz

Тараз – Шымкент ақылы жол учаскесінде орташа жылдамдықты тіркеу жүйесі қайта іске қосылды

5

2026 жылғы 5 маусымнан бастап халықаралық «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізінің Тараз – Шымкент ақылы автомобиль жолы учаскесінде көлік құралдарының орташа жылдамдық режимін бұзу деректерін тіркеу қайта жандандырылды.

Осыған байланысты «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жүргізушілерге жол бойында орнатылған «Жылдамдықты шектеу» жол белгілерінің талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертеді.

Орташа жылдамдықты бақылау жүйесі жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жүргізушілердің тәртібін күшейтуге бағытталған.

Орташа жылдамдық көрсеткіші көлік құралының бақылау аймағына кірген және шыққан уақытын есепке алу арқылы анықталады. Белгіленген жылдамдық режимі бұзылған жағдайда тиісті мәліметтер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шара қабылдау үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жолданады.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жол қозғалысына қатысушыларды жолда мұқият болуға, жол белгілерінің талаптарын сақтауға, қауіпсіз жылдамдықты таңдауға және жол жағдайын ескеруге шақырады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.