«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсенді қатысуға шақырамыз
📢 Құрметті мектеп басшылары!
Сіздерді «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсенді қатысуға шақырамыз.
Акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, табиғатты аялау және өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
Мектеп аумағын абаттандыру, көгалдандыру, тазалық жұмыстарын ұйымдастыру арқылы туған өлкеміздің көркеюіне өз үлесімізді қосайық.
🌿 Таза орта – дені сау ұрпақтың кепілі!
🌿 Тазалық – баршамызға ортақ жауапкершілік!
«Таза Қазақстан» акциясын қолдап, игі іске атсалысуға шақырамыз!
#ТазаҚазақстан #ТазаОрта #ЭкологиялықАкция #БіргеТазалықҮшін