Ауылдар жаңаша дамитын болады | arainews.kz

Ауылдар жаңаша дамитын болады

361

Ихтияр Мырзахметов, «Қазақстан ауыл жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Елбасының Қазақстан халқына кезекті Жолдауын тыңдай отырып, ондағы бірнеше бастамаға ерекше назарым ауды. Біріншіден, республика аумағындағы кез келген ауылда инфрақұрылымның лайықты дамымауы, жұмыс орындарының жетіспеушілігі, ауыл шаруашылығында өндірілген өнімді өткеру сынды қордаланған мәселелер бар. Және оны ешкім жоққа шығара алмайды. Ел өмірінің осы бір түйткілді тұсын жете сезінген Мемлекет басшысы өз Жолдауы арқылы ауылдардың жаңаша дамуына жол ашты. Ауыл тұрғыны ретінде мені елді мекендердегі әлеуметтік мәселелердің кезең-кезеңімен шешімін тауып, көрсетілген қызмет сапасының артатындығы қуантады.
Екіншіден, Жолдауда Елбасы экологиялық ахуалды жақсарту жайына ерекше назар аударып, баянды бастамалар көтерді. Бұл орайда, басымдықтың ластанған табиғи аумақты қайта қалпына келтіруге, биологиялық алуантүрлілікті сақтауға берілгендігі қуантады. Одан бөлек, «Педагог мәртебесі» туралы Заң қабылдау туралы ұсынысты да қолдаймын. Білім саласы қызметкерлерінің мәртебесін биік етер құжаттың қабылдануы уақытпен үндескен шешім болғалы тұр.
Әрине, облыстағы жастар ұйымдары мен жастар арасында жүргендіктен келер жылдың «Жастар жылы» деп жариялануы мені ерекше марқайтқанын жасыра алмаймын. Ел ертеңі жастардың сан түрлі мәселесінің оңтайлы шешімін ойластыруда бұл бастаманың өміршеңдігіне ешкім талас тудыра алмас.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.