ТЖД мәліметінше, дәрігерлер бір күн ішінде 120 адамды қарап үлгерген. Оның ішінде 25-і – балалар. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.
«Саламатты Қазақстан» пойызы Шығыс Қазақстандағы Жарма ауданына келіп жетті. ТЖД мәліметіне сүйенсек, дәрігерлер бір күн ішінде 120 адамды қарап үлгерген. Оның ішінде 25-і – балалар. Ақ халаттылар ұжымы демалыссыз жұмыс істейтінін естеріңізге саламыз.
ШҚО ТЖД-ның өрт қауіпсіздік бөлімі мен аудандық төтенше жағдайлар бөлімі станциядағы қауіпсіздік шараларын қадағалау үстінде.
Айта кетейік, пойыз Шығыс аймақтарында 11 қарашаға дейін болады.
Baq.kz