Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді | arainews.kz

Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді

404

Лондон мен Нью-Йорк шикізат биржаларындағы сейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы көтерілді.

Сауда-саттық нәтижесі бойынша, Brent маркалы мұнай фьючерстерінің желтоқсандағы жеткізілім құны Лондондағы ICE Futures биржасында 1,1 долларға өсіп, бір баррельдің бағасы 84,86 долларды құрады.

WTI маркалы мұнай фьючерстерінің қарашадағы жеткізілім құны Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 0,67 долларға қымбаттап, бір баррельдің бағасы 74,96 долларға жетті.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.