Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мәди Мәтеннің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Мәди Мейірбекұлы басқарманың соңғы 9 айда атқарған жұмысы туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Өңірде жастар саясаты «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік Тұжырымдамасы аясында іске асырылуда. Облыста 240 222 жас (қалада- 90 763, ауылдық елді мекенде- 149 459)бар. Жастар жалпы облыс халқының 21,5 пайызын құрайды.
2018 жылы облыста мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға 574,6 млн.теңге (2017 жылы- 571,5)қаржы қаралған. Ағымдағы жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 64,7 млн. теңгеге 26 бағытта (2017 жылы 34,5 млн. теңгеге 42 бағыт) әлеуметтік маңызы бар жобалар қаржыландырылды.Жамбыл облысын дамыту (2016-2020 жылға дейінгі) бағдарламасында Жастар саясатына қатысты 2 индикаторлық көрсеткіш белгіленген. Біріншісі, «Жастардың жалпы санындағы NEET» (еш жерде оқымайтын, еш жерде жұмыс істемейтін) көрсеткішінің облыстық жоспары орындалды (2017 жылы- 10,7).Ағымдағы жылғы ІI тоқсандағы жағдай бойынша бұл көрсеткіш 9,2 пайызды (2017 жылы- 14,2) құрады. Өткен жылдың есепті кезеңінен 5 пайызға төмендеді. Жылдық жоспар- 8,5%. Екінші көрсеткіш, «Өңір жастарының мемлекеттік жастар саясатына қанағаттану деңгейі» 2017 жылғы жоспарлы 72,0 пайыздық меже әлеуметтік зерттеулердің қорытындысы бойынша 76,6 пайызды құрады.