Шетелдіктер Қазақстанға 270 млрд доллардан астам қаражат инвестициялаған | arainews.kz

Шетелдіктер Қазақстанға 270 млрд доллардан астам қаражат инвестициялаған

133

Соңғы 13 жылда шетелдік инвесторлар Қазақстанға 217 млрд доллардан астам қаражат инвестциялаған. Бұл жөнінде инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев мәлімдеді.

Вице-министр Қазақстан инвестициялар көлемін одан әрі де ұлғайтуды жоспарлап отырғанын айтты.

«Осы жылы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» заң күшіне енді. Ол тек электр тасымалдағыштарға ғана емес, барлық пайдалы қазбаға қатысты. Негізгі шикізат бағасының өсуіне байланысты геологиялық барлауға деген қызығушылық артып отыр. Ол үшін кодекспен барлық жағдай қарастырылған, толығымен халықаралық стандарттарға көштік: пайдалы қазбаларды есептеуде де, басқа процестерге қатысты да. Мұның барлығы кендерге деген қолжетімділікті жеңілдетеді. Сондықтан инвесторлар үшін бұл қызықты болып отыр», — деді Тоқтабаев.

Бұдан басқа, министрліктегілер логистика саласындағы табыс ұлғаяды деп күтіп отыр. Сарапшылардың болжамы бойынша, 2020 жылға қарай Қазақстанның транзиттік әлеуеті 2 млн контейнерлік тасымалға дейін артуы мүмкін.

Baq.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.