Ұлтаралық татулық – басты құндылық | arainews.kz

Ұлтаралық татулық – басты құндылық

189

Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен «Ұлттар достығы өнеге, халықтар достығы үлгі болған Қазақстан» атты форум өтті. Шараға мекетеп мұғалімдері, жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының студенттері және облыстың өзге ұлт өкілдері  қатысты.

Форумда алғашқы сөз Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Максим Рожинге беріліп, көрші облыстан келген қадірлі қонақ ыстық ықыласын жеткізді.

— «Елімізде қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар  мен ұлыстар құтты қоныс табуда. Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды. Ұлтаралық татулықтың арқасында бүгінде ел аман, жұрт тыныш. Осы берекемізден айнымай ұлттар арасындағы достыққа сызат түспесін» — деді М. Рожин.         

Жалпы, Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғанға дейін өңірлерде этномәдени бірлестіктер жұмыстарын бастап кеткен. Бұл жайында, облыстық «Ақжелкен» жастар қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары Алихан Ахметов.

         — «Облыста алғаш болып грек, өзбек, түрік, шешен-ингуш, кәріс, ұйғыр, неміс, украин және орыс қауымдастығы құрылып жұмысын бастады. Бүгінгі таңда аймақтық Қазақстан халқы Ассамблеясы 73 этномәдени бірлестіктердің басын біріктіріп, жұмыс атқаруда. Оның 26-сы облыс орталығына, 47-сі ауданға тиесілі. Сонымен қатар, Ассамблея құрамына аналар кеңесі және ғылыми-сараптамалық топ кіреді», — деді А. Ахметов.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.