«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 119 кіші жоба мен 73 іс-шара іске асуда – Б. Уәли | arainews.kz

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 119 кіші жоба мен 73 іс-шара іске асуда – Б. Уәли

310

«Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында облыс әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәлидің қатысуымен баспасөз конференциясы өтуде.

Басқарма басшысының айтуы бойынша, облыста жүргізілген қоғамдық-саяси ахуалына әлеуметтік зерттеулер бойынша сұралған респонденттердің 93,55 пайызы елдегі қоғамдық-саяси жағдайдың жай-күйін игілікті және жақсы деп белгілеген. Биылғы жылдың негізгі қоғамдық-саяси тақырыбы Елордамыз – Астана қаласының 20 жылдығы болған.

– Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруды тікелей үйлестіріп отырған басқарма Бағдарлама аясында халықты рухани тұрғыда байыту мақсатында республикалық деңгейдегі танымал азаматтар мен зиялы тұлғалар шақырылып, кездесулер мен ауқымды шаралар өткізу қолға алған. Мәселен, 29 тамызда «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғалиұлы, археолог Айман Досымбаеваның және басқа да азаматтардың қатысуымен «Тараз – тарих айнасы» ғылыми практикалық конференциясын өтті. Сондай-ақ, ҚР Республикасы Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет облыстың зиялы қауым өкілдерімен кездессе, партизан жазушы, Халық қаһарманы Қасым Қайсеновтың 100 жылдығына арналған әдеби кеш ұйымдастырылды. Бұдан бөлек Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметованың қатысуымен «Аманат арқалаған жан», айтыскер ақын Әзімбек Жанқұлиевтың өмірден өткеніне 15 жыл толуына орай әдеби еске алу кеші өткізілді. Сонымен бірге, облыс үшін жылдың айтулы жаңалықтарының бірі – «Мерейлі отбасы 2018» республикалық байқауында білім саласында ұрпақтар сабақтастығын жалғап жүрген Ниязқұловтар отбасы 1 орын иеленді, – деді Б. Уәли баяндамасында.

Жалпы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша 2018 жылы 3 млрд. 50 млн. теңгеге 119 кіші жоба мен 73 іс-шара іске асырылуда. Оның ішінде 350 млн теңгесі жергілікті бюджет, 2,7 млрд теңгесі меценаттар есебінен қаржыландырылуда.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.