Облыстық білім басқармасы «Менің ұлағатты ұстазым» атты акция өткізуде | arainews.kz

Облыстық білім басқармасы «Менің ұлағатты ұстазым» атты акция өткізуде

520

Қазан айының бірінші жексенбісінде қазақстандықтар ұстаздар күнін атап өтеді. Осы орайда облыстық білім басқармасы «Менің ұлағатты ұстазым» атты акциясының бастау алғанын хабарлайды.

 Акцияға қатысу үшін өзіңіздің ұстазыңызға құттықтау тілек жазып немесе ұстазыңыз туралы бейнеролик түсіріп, #меніңсүйіктіұстазымжамбыл хэштегімен әлеуметтік желілерге (instagram, Facebook) жариялаңыздар. Акция нәтижесінде ең көп лүпіл (лайк) жинаған қатысушы облыстық білім басқармасы тарапынан бағалы сыйлықпен марапатталатын болады. Акция 2018 жылдың 5 қазанына дейін жалғасады.

Жүрегі кең, мейірім шуағын шәкіртіне төге білген үлкен құрметке ие облыс ұстаздарын бірге құттықтайық!

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.