Жамбыл облысында трансшекаралық туристік маршрут құрылды | arainews.kz

Жамбыл облысында трансшекаралық туристік маршрут құрылды

167

Жамбыл облысында туризмді дамытуға 250 млн теңге бөлінді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімдігінің туризм басқармасының басшысы Қарлығаш Аралбекова айтты.

Жамбыл облысы экономикасының басым бағыттарының бірі — туризм. Жоспарланған мақсат пен міндеттерге қол жеткізу үшін облыстың оң туристік имиджін қалыптастыру және туристік ағымды тарту үшін қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Қарлығаш Әмірқызының айтуынша, жалпы сомасы 5,4 млрд теңгені құрайтын бірқатар нысандар құрылысы басталады. Оның ішінде 5 қонақ үй, 5 мейрамхана, 2 киіз үй қалашығы және үлкен үміт артылып отырған тау-шаңғы базасы бар. Инвесторлар, меценаттар, қаржы институттары арқылы тартылған қаражат есебінен 5 туристік аймақ құрылуда, олар — «Қаралма» тау-шаңғы базасы, Шахристан аумағындағы «Көне Тараз шеберлері» қолөнершілер қалашығы, «Төрткөл» керуен сарайындағы «Қазақ ауылы» тарихи-мәдени орталығы, «Айша Бибі» және «Қарахан» кесенелері мен «Әулие Бастау» сауықтыру орны кіретін тарихи-археологиялық кешен, «Ақыртас» сарай кешені. Сондай-ақ, ағымдағы жылы трансшекаралық туристік маршруттарды дамыту бойынша Қырғызстан мемлекетінің Талас және Ыстықкөл облыстарын Жамбыл облысымен байланыстыратын «Ұлы Жібек жолындағы туризм» трансшекаралық туристік маршруты құрылды. Бірыңғай маршрут аймағымызға қосымша туристерді тартуға мүмкіндік береді.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.