Жемқорлықтың жолын кесу – ортақ міндет | arainews.kz

Жемқорлықтың жолын кесу – ортақ міндет

207

Сыбайлас жемқорлық адамзат өркениетімен қатар келе жатқан кеселдің бір түрі. Сәйкесінше дамушы елдермен бірге біздің жас мемлекетімізді де қоғамның жегі құртына айналған кесел шет қалдырған жоқ.

Мемлекет басшысы  Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жасаған Жолдауларында да сондықтан жемқорлықпен күрес жалпы барша халықтың борышы екенін атап өтеді Рас елімізде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан бергі жиырма жыл ішінде жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асып келеді. Нәтижесінде,  сыбайлас жемқорлық көрністерінің азаюы байқалады. Күнделікті өмірде кең көрініс табатын әрі қоғам дамуына тежеу болатын жемқорлықтың ең қауіпті түрі-парақорлық екені жасырын емес. Әлбетте, өз ісінің оңтайлы шешілуін қалайтындар көп жағдайда пара беруді құп көреді. Парақорлық нәтижелі күресте ең әуелі қоғамдық сананы өзгертуден бастау қажет. Өйткені бұл дерт мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет етуіне бөгет болып, билік және басқару органдарының беделіне нұқсан келтіреді.

Әсіресе, қолында билігі уәкілетті орган қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа жиі жол береді. Сондықтан да, кез-келген ұжымда ғасыр дертімен күреске басшы мүдделлі болғаны абзал. Басшы ең әуелі өзі құзіреті шеңберінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

Жуаныш Асанбаев,

облыстық әділет департаментінің

ұйымдастыру-талдау жұмыстары

бөлімінің басшысы

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.