«Әділет» кандидаттары Т. Рысқұлов ауданында білім мен спортты дамыту мәселелерін талқылады — arainews.kz

«Әділет» кандидаттары Т. Рысқұлов ауданында білім мен спортты дамыту мәселелерін талқылады

9

Жамбыл облысында «Әділет» партиясының сайлауалды кездесулері жалғасуда. Т. Рысқұлов ауданында партиялық тізім бойынша ұсынылған кандидаттар Данияр Асқарұлы мен Шолпан Дайрабаева Ә. Бөкейханов атындағы орта мектептің, «Балауса» балабақшасының және «Бұқаралық» спорт кешенінің еңбек ұжымдарымен кездесіп, партияның 2026–2031 жылдарға арналған «Әділетті болашақ үшін» өңірлік сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Кездесулерде білім сапасын арттыру, педагогтерді қолдау, кәсіптік даярлықты жетілдіру және бұқаралық спортты дамыту мәселелері талқыланды.

Білім беру және адами капитал. Бағдарламаға сәйкес, 2031 жылға дейін облыста 4 370 оқушыға арналған 8 жаңа мектеп салу, тағы бір мектепке қосымша оқу корпусын тұрғызу және мектепке дейінгі ұйымдарда 8,4 мың орын ашу жоспарланған. Сонымен қатар 138 STEM-кабинетін жабдықтау және Тараз қаласында Абай, Қаныш Сәтбаев пен Өмірбек Жәутіков атындағы 3 мамандандырылған мектеп ашу көзделген.

Кәсіптік білім және цифрландыру. Техникалық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысының үлесін 51,3 пайызға, дуальды оқытумен қамтылған колледж студенттерінің үлесін 50,6 пайызға дейін арттыру жоспарланған. Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар мектеп түлектерінің кемінде 50 пайызын техникалық және кәсіптік біліммен қамту міндеті қойылған. Аудандық деңгейде 10 IT-хаб ашу да жастардың цифрлық дағдыларын дамытуға бағытталған.

Бұқаралық спорт және жастарды қолдау. Өңірде спортпен жүйелі айналысатын тұрғындардың үлесін 51 пайызға жеткізу көзделген. Бұдан бөлек, 14 520 адамды жастар тәжірибесімен қамту және NEET санатындағы жастардың үлесін 6,1 пайызға дейін төмендету жоспарланып отыр.

Кездесулер барысында мектеп мұғалімдері, тәрбиешілер мен спорт саласының мамандары өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын білдірді. Кандидаттар еңбек ұжымдарының пікірлерін тыңдап, өңірлік бағдарламада белгіленген міндеттерге тоқталды.

Кандидаттар сапалы білім, қолжетімді спорт және жастардың кәсіби дамуына жағдай жасау өңірдің адами әлеуетін арттырудың маңызды негізі екенін атап өтті.

Кездесу соңында партия өкілдері еңбек ұжымдарын 29 қарашада өтетін Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауына қатысып, «Әділет» партиясына дауыс беруге шақырды.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Жамбыл облыстық
филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Д. А. Каипов.

 Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында
партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігінің
сайлау қоры қаражатынан төленді.

Comments are closed.