Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тлешов Қуаныш Шәкірбайұлы — arainews.kz

Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тлешов Қуаныш Шәкірбайұлы

№9 бірмандаттық аудандық сайлау округі

10

Өмірбаян

Мен, Тлешов Қуаныш Шәкірбайұлы, 1979 жылы 28 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Шайдана ауылында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. Білімім – жоғары.
2005 жылы Тараз қаласындағы «Әулие-Ата» университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша тәмамдап, жоғары білім алдым.
Еңбек жолымды 2003 жылы Пионер ауылдық округі әкімі аппаратында қоғамдық күзетші қызметінен бастадым. 2003-2004 жылдары аталған қызметті атқарып, еңбек жолымның алғашқы кезеңінен бастап жауапкершілік пен тәртіпті басты ұстаным еттім. 2005-2023 жылдары Пионер ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман болып қызмет атқардым. Осы жылдар аралығында жергілікті мемлекеттік басқару саласында мол тәжірибе жинақтап, ауыл тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін шешуге, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына және ауылдың қоғамдық өмірін дамытуға өз үлесімді қостым. 2025-2026 жылдары «Орталық стадион» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде басшының әкімшілік-шаруашылық жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметін атқардым. Бұл қызметте мекеменің шаруашылық жұмыстарын ұйымдастыру, материалдық-техникалық жағдайын қамтамасыз ету және жұмыс үдерістерінің тиімділігін арттыру бағытында еңбек еттім. 2026 жылғы 17 шілдеден бастап Шайдана ауылдық клубының меңгерушісі қызметін атқарып келемін. Қазіргі қызметімде ауылдың мәдени өмірін жандандыруға, ұлттық салт-дәстүрлер мен рухани құндылықтарды дәріптеуге, тұрғындардың мәдени іс-шараларға белсенді қатысуына және жас ұрпақтың шығармашылық қабілетін дамытуға ерекше көңіл бөлемін.
Көпжылдық еңбек тәжірибем барысында мемлекеттік басқару, ұйымдастыру және мәдениет салаларында кәсіби біліктілігімді жетілдіріп, халықпен тығыз қарым-қатынас орнатуды басты қағидаларымның бірі ретінде ұстанып келемін.
Өмірлік ұстанымым – адал еңбек ету, елге қызмет көрсету және туған жердің өркендеуіне үлес қосу. Белсенді азаматтық ұстанымыммен, мақсатқа ұмтылушылығыммен, жауапкершілігіммен және адамдарға жақсылық жасауға деген шынайы ниетіммен ерекшеленемін.
Басты мақсатым – туған ауылымның дамуына үлес қосып, халықтың сенімін ақтау, ел бірлігі мен қоғам игілігі жолында адал қызмет ету.

Сайлауалды бағдарламасы

МЕНІҢ МІНДЕТІМ – СІЗДЕРДІҢ СЕНІМДЕРІҢІЗДІ АҚТАУ!

Құрметті сайлаушылар!
Қазіргі заманда жаттанды ұран, жалаң сөз, құрғақ уәде беру көбейіп кеткені жасырын емес. Бірақ Жаңа, Әділетті Қазақстан құру барысында жүйелі жұмыстар бастау алуда. Бұл ретте сайлаушылардың әрбір ұсынысын жауапкершілікпен ескеру мен үшін маңызы зор міндет болып табылады. Менің міндетім – сіздердің сенімдеріңізді ақтау!
Алда алар асулар, халық игілігі үшін атқарылар жұмыстар көп. Ауқымы да кең болмақ. Сондықтан да осы жолда бірлесе ынтымақта болуға сіздерді шақырамын. Сіздердің тараптарыңыздан маған керегі – қолдауларыңыз бен сенімдеріңіз.
Егер мен аудандық мәслихаттың депутаты болып сайлансам:
– Айшабибі, Бәйтерек, Әулиекөл ауылдарын көркейтуге белсене атсалысамын;
– округке қарасты ауылдардың білім беру және мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, денсаулық сақтау мен мәдениет салаларында қалыптасып отырған жағдайлардың оң шешімін табуы мақсатында тиісті мемлекеттік органдар алдында мәселелер көтеремін;
– ауыл азаматтарының, оның ішінде жастардың кәсіпкерлікпен айналысуына, жеңілдетілген пайызбен несие мен қайтарымсыз грант алуына ықпал етемін;
– округке қарасты елді мекен­дердегі көшелерді жөндеуге, мәдениет үйінің, мектеп пен медпункттің құрылысын жүргізуге, ауыл көшелерін жарықтандыруға, абаттандыруға басымдық беремін;
– түрлі бағдарламалар аясында халықтың ауызсумен, интернет бай­ланысымен, медициналық көмектің қолжетімділігімен, сапалы қызметімен, балалардың мектеппен, мектепке дейінгі тәрбие беру мекеме­лерімен қамтылуын назарға аламын;
– ауыл жастарының салауатты өмір салтын ұстануына, бұқаралық спорт жарыстарын ұйымдастыруға, қолда бар спорт нысандарын тиімді пайдаланып, қолжетімділігін арттыруға, жастар саясатын қуаттай отырып, балалардың сапалы білім алуына, имандылық пен инабаттылыққа тәрбиелеуге, еліміздің намысын қорғайтын спортшы жастарға мүмкіндігінше көмек көрсетемін.

Тапсырыс беруші: Жамбыл аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Тлешов Қ.Ш.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстары
есебінен төленді.

Comments are closed.