Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Аптауов Нұржан Жорабекұлы — arainews.kz

Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Аптауов Нұржан Жорабекұлы

№9 бірмандаттық аудандық сайлау округі

10

Өмірбаян

Мен, Аптауов Нұржан Жорабекұлы, 1973 жылы 16 қазанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Тоғызтарау ауылында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. Білімім – жоғары.
1989 жылы Т.Тоқтаров атындағы негізгі мектепті бітірдім. 1998 жылы Тараз қаласындағы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжін «Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптарында оқыту» мамандығы бойынша, 2015 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Тарих» мамандығы бойынша тәмамдадым.
Еңбек жолымды 1994 жылы Т.Тоқтаров атындағы орта мектепте музыка пәнінің мұғалімі болып бастадым. 2008-2009 жылдары А.Матросов атындағы негізгі мектепте тәлімгер және музыка пәнінің мұғалімі болып жұмыс істедім. 2010-2011 жылдары осы мектепте еңбек және музыка пәндерінен сабақ бердім. 2012-2014 жылдары бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқардым. 2015-2017 жылдары директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметінде болдым. 2017-2018 жылдары Т.Тоқтаров атындағы орта мектепте педагог-ұйымдастырушы болып еңбек еттім. 2019-2022 жылдары «Қазфосфат» зауытында жүк тасушы болып жұмыс істедім. 2022-2024 жылдары Т.Тоқтаров атындағы орта мектепте шаруашылық меңгерушісі қызметін атқардым. Қазіргі уақытта Тоғызтарау ауылдық округі әкімі аппаратында статист маман болып қызмет етемін.

Сайлауалды бағдарламасы

БАСТЫ МАҚСАТЫМ – САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ СЕНІМІН АҚТАУ

Депутаттыққа сайлану үлкен жауапкершілікті жүктейді. Мәслихаттың қоғамымызда алатын орны ерекше. Өңірімізді әлеуметтік-экономикалық дамыту мен демократияландыруда рөлі мен маңызы зор. Осы ретте мен өзіме бірқатар міндет қойдым:
– Қазақстан Республикасы Конституциясының, адам құқықтары, еңбек және еңбекті қорғау туралы, әлеуметтік қорғау мен балалардың құқығын қорғау туралы заңнамалардың сақталуына мемлекеттік, қоғамдық бақылауды күшейтуге;
– Айшабибі, Әулиекөл, Бәй­терек ауылдарындағы шағын және орта бизнесті қолдауға, шаруалар мен фермерлік қожа­лық­тардың жұмысын жандан­дыруға, оларға жергілікті бюд­жет­тен жеңілдетілген несие беруге;
– сайлау округі аумағындағы елді мекендерді көріктендіруге, көгеріштендіруге, ветери­нария­лық жұмыстарды жетілдіруге, егістік жерлерді тыңайтуға, экологиялық тұрғыдан қор­ғауға, шаруашылықтарға қол­дау көрсетуге, мұқтаж отбасы­лардың, көпбалалы аналардың, ерекше күтімді қажет ететін азаматтардың, қарттардың мүддесін қорғауға;
– мал және егін шаруашылы­ғын дамытуға, шаруаларға мем­лекет тарапынан түрлі қолдау көрсетілуіне, тұрғындардың ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бағдарламаларға қатысуына үн қосамын.

Құрметті сайлаушылар!
Әрбір отбасы жақсы өмір сүруге лайықты. Қолжетімді әлеуметтік қызмет пен тұрақты жұмыс – ауылдағы ағайын үшін тамаша мүмкіндік. Мұның бәрі күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналғанын қалаймын. Мені қолдасаңыздар, уәделерімді орындаймын. Өмірлік ұстаны­мым – ел игілігі жолында адал еңбек ету, ауданның дамуына үлесімді қосу. Халыққа қызмет етіп, сайлаушылардың сенімін ақтау.

Тапсырыс беруші: Жамбыл аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Аптауов Н.Ж.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстары
есебінен төленді.

Comments are closed.