Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Жұмабаев Еркін Әбдіқалықұлы
№6 бірмандаттық аудандық сайлау округі
Өмірбаян
Мен, Жұмабаев Еркін Әбдіқалықұлы, 1968 жылы 17 тамызда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Өрнек ауылында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. Білімім – жоғары.
1998 жылы Алматы зоотехникалық-ветеринариялық институтын «Зооинженер» мамандығы бойынша тәмамдадым.
Еңбек жолымды 1998 жылы «Қостөбе» шаруа қожалығында шаруашылық ісі жөніндегі орынбасар болып бастадым. Қызмет барысында шаруашылық жұмыстарын ұйымдастыру, басқару және өндірістік үдерістердің тиімділігін қамтамасыз ету бағытында тәжірибе жинақтадым.
2012 жылы Б.Майлин атындағы мектепке күзетші болып жұмысқа қабылданып, өзіме жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен атқардым. 2016 жылдан бері Өрнек ауылындағы №17 Жамбыл колледжінде арнайы пәндер оқытушысы болып қызмет етемін.
Кәсіби білімім мен өмірлік тәжірибемді жас ұрпақтың сапалы білім алып, білікті маман болып қалыптасуына бағыттап келемін. Ұйымдастырушылық қабілетіммен, еңбексүйгіштігіммен және кәсіби міндеттерімді тиянақты орындауыммен ерекшеленемін.
Сайлауалды бағдарламасы
Халық қалаулысы болу жауапкершілікті талап етеді
Менің мақсатым – тұрғындар үшін қолайлы əрі қауіпсіз өмір сүру ортасын қалыптастыруға үлес қосу. Тұрғындардың ұсыныстары мен қоғамдық бақылауына сүйене отырып, елді мекендердің инфрақұрылымын жақсартуға, əлеуметтік мəселелерді шешуге жəне халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған бастамаларды қолдаймын. Ортақ мақсатымыз – дамыған инфрақұрылым, таза орта, қауіпсіз өмір жəне тұрғындардың əл-ауқаты.
Осы уақытқа дейін жинаған өмірлік тәжірибем мен біліктілігімді пайдалана отырып, ауданымыздың экономикалық-әлеуметтік дамуына, халықтың тұрмыс-тіршілігін көтеруге өз үлесімді қосқым келеді. Осы орайда сайлауалды бағдарламамды назарларыңызға ұсынамын:
– Қазақстан Республикасы Конституциясының, адам құқықтары, еңбек және еңбекті қорғау туралы, әлеуметтік қорғау мен балалардың құқығын қорғау туралы заңнамалардың сақталуына мемлекеттік, қоғамдық бақылауды күшейтуге;
– мемлекеттік саясатты қолдау мақсатында оқушыларға білім беру ошақтарында мемлекеттік тілді және шет тілін терең меңгеруге жағдай жасауға;
– білім ошақтарының материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға, оның ішінде округ аумағындағы мектептердің интернет жүйесіне нақты қосылуына, мультимедиялық, лингофондық кабинеттерді жарақтауға;
– шағын және орта бизнесті қолдауға, шаруалар мен фермерлік қожалықтардың жұмысын жандандыруға, оларға жергілікті бюджеттен жеңілдетілген несие беруге;
– жастарға қолдау көрсетуге, ауылдағы халықтың әл-ауқатын арттыруға, қайтарымсыз гранттар мен төмен пайыздық несиелер алуына;
– «Ауыл аманаты» жобасының Гродеково ауылында жүзеге асуына;
– аудан экономикасының дамуына, тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының жақсаруына;
– Гродеково ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің қызметін жандандыруға;
– бюджет есебінен инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым тартуға атсалысамын.
Құрметті сайлаушылар!
Депутат болу жауапкершілікті талап етеді. Бұл ең алдымен халыққа адал әрі қалтқысыз қызмет ету. Сайлауда сіздердің қолдауларыңызбен депутат болып сайлансам, сіздердің үкілі үміттеріңіз бен сенімдеріңізді ақтаймын.
Тапсырыс беруші: Жамбыл аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Жұмабаев Е.Ә.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстары
есебінен төленді.
Comments are closed.