Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Керімбек Ұлан Қанатұлы
№1 бірмандаттық аудандық сайлау округі
Өмірбаян
Мен, Керімбек Ұлан Қанатұлы, 1993 жылы 27 наурызда Жамбыл ауданының Өрнек ауылында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. Білімім – жоғары.
2015 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдадым.
Еңбек жолымды 2017 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасында маман болып бастадым. 2024-2026 жылдары Жамбыл ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жастармен жұмыс жөніндегі маман, 2026 жылдың шілде айынан бүгінге дейін аталған мекеме директорының орынбасары болып қызмет етудемін.
Сайлауалды бағдарламасы
Құрметті сайлаушылар!
Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жастарға қолдау көрсету, олардың сапалы білім алып, еңбек етуіне, қоғам өміріне белсене араласуына мүмкіндік жасау – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі. «Жас келсе – іске» демекші, жастардың бойындағы жігер мен бастамашылдықты ел игілігіне бағыттау, олардың әлеуетін тиімді пайдалану – ортақ міндетіміз.
Білім беру және жастар саясаты
– білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға ықпал ету;
– оқушылардың мемлекеттік тілді терең меңгеруіне, шет тілдерін үйренуіне және цифрлық сауаттылығын арттыруына қолайлы жағдай жасауға қолдау көрсету;
– білім беру ұйымдарына баратын жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін көтеру;
– ауылдық клубтар, мәдениет үйлері, кітапханалар мен жастар орталықтарының жұмысын жандандыруға атсалысу;
– «Жасыл ел», «Жастар тәжірибесі» бағдарламалары аясында жастарды уақытша және тұрақты жұмыспен қамтуға, олардың еңбек дағдыларын қалыптастыруға қолдау көрсету;
– дарынды, бастамашыл жастардың жобалары мен қоғамдық бастамаларын қолдау.
Жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту
– ауылдық жерлерде шағын және орта бизнесті дамытуға, кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған жобалардың жүзеге асуына жәрдемдесу;
– жастарды, жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқыту, қайта даярлау және сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеу шараларын қолдауға атсалысу;
– ауданға инвестиция тарту арқылы өндірістік және әлеуметтік маңызы бар жобалардың іске асуына, тұрақты жұмыс орындарының ашылуына қолдау көрсету.
Ауыл инфрақұрылымы және абаттандыру
– ауылдық округтердің даму жоспарларына сәйкес елді мекендердегі жол, ауызсу, электр жарығы және басқа да инженерлік инфрақұрылым мәселелерінің кезең-кезеңімен шешілуіне ықпал ету;
– тұрғындар үшін қауіпсіз әрі қолайлы көлік қозғалысын қамтамасыз ету мәселелерін көтеру;
– ауылдардағы ұялы байланыс пен интернет сапасын жақсарту, байланыс желілерінің тұрақты жұмыс істеуіне ықпал ету;
– елді мекендерді көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүйелі жүргізуге, қоғамдық орындардың күтіп-ұсталуына тұрғындармен бірлесе атсалысу.
Әлеуметтік қолдау және тұрғындардың өмір сапасы
– аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, жалғызбасты қарттарға, әлеуметтік осал топтарға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектің уақтылы әрі қолжетімді болуына ықпал ету;
– мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғамдық ортаға еркін араласуына жағдай жасау, әлеуметтік нысандардың қолжетімділігін арттыру мәселелерін көтеру;
– тұрғындардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын, цифрлық сауаттылығын арттыруға және қажетті қызметтерді кедергісіз алуына жәрдемдесу;
– халықтың өтініштері мен ұсыныстарын назарға алып, әлеуметтік мәселелердің шешілуін тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе бақылауда ұстау.
Денсаулық, спорт және қоғамдық қауіпсіздік
– ауыл тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, медициналық мекемелердің материалдық-техникалық жағдайын жақсарту мәселелерін көтеру;
– халық арасында салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамытуға және спорттық іс-шараларды тұрақты ұйымдастыруға қолдау көрсету;
– қолданыстағы спорт нысандарын тиімді пайдалану, олардың қолжетімділігін арттыру және қажет болған жағдайда жаңарту мәселелеріне назар аудару.
Тіл, руханият және қоғамдық бірлік
– мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге ықпал ету;
– ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты дәріптейтін мәдени-танымдық іс-шараларды қолдау;
– қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту;
– сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, заңдылық пен ашықтық қағидаттарын нығайтуға, тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал ету.
Тапсырыс беруші: Жамбыл аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Керімбек Ұ.Қ.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстары
есебінен төленді.
Comments are closed.