Кеткен кемшіліктер көп ұзамай қалыпқа келтірілуге тиіс | arainews.kz

Кеткен кемшіліктер көп ұзамай қалыпқа келтірілуге тиіс

53

«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы мен партия филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің мүшелері партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы көрсеткіштерінің орындалуы бойынша Жамбыл ауданындағы әлеуметтік нысандарға партиялық бақылау жүргізді.

Комиссия мүшелері алдымен Шайқорық ауылында жүргізіліп жатқан 45 келушіге арналған амбулатория құрылысымен танысты.

Құрылысы ағымдағы жылдың 10 сәуірінде басталған медициналық мекемені мердігер «ПМК-109» ЖШС салуда. Бес мыңға жуық түтіні бар ауылдан бой көтеріп жатқан амбулатория құрылысына бюджеттен 272 миллион теңге бөлініпті. Мердігер компания қазіргі таңда өздеріне тапсырылған жұмысты уақытылы орындай алмай келмеді. Себебі, ондағы жұмыс жоспардан 15 күнге кешігуде. Сондай-ақ, жұмыс барысында бірқатар олқылықтарға жол берген. Атап айтқанда, нысанның шатырын толық жаппай тұрып ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізген. Салдарынан жаңбыр суы ғимараттың ішкі әрлеу жұмыстарын бүлдірген. Комиссия мүшелері бұдан өзге жылу жүйелерінің де дұрыс орнатылмағанына көз жеткізді.

Топ мүшелері «ПМК-109» ЖШС-нің басшылығына апта соңына дейін нысанның шатырын толық жабу туралы ұсыныс білдірді. Сонымен қатар оларға кеткен кемшіліктерді нысан пайдалануға берілгенге дейін қалпына келтіру қажеттігін ескертті.

Келесі кезекте комиссия Қаракемер ауылында бой көтеріп жатқан әмбебап спорт кешенінің құрылысына партиялық бақылау жүргізді. Өткен жылдан биылдыққа өтпелі бұл нысанның құрылысын «ЕрНұрЖан Құрвылыс-2010» ЖШС-і жүргізуде. Бұл спорт кешенге бюджеттен 219 миллион теңге бөлінген. Серіктестік мұндағы құрылысты ағымдағы жылдың 30-шы қарашасына дейін аяқтау тиіс.

Комиссия мүшелері аталған спорт кешені мен Төле би атындағы орта мектепке ортақ жылыту қазандығы қарастырылғанын анықтап, қыс болмай мәселені дұрыс шешу қажеттігін көтерді. Себебі, екі нысанға ортақ сорғының күші есептелмеген. Сондай-ақ, қосымша қатты отын да алынбаған. Сондықтан комиссия ауданның жауапты өкілдеріне аталмыш мәселелін тиімді шешу жолдарын қарастыру туралы ұсыныстарын жеткізді. Айта кетейік, бұл нысан да аяқталғанға дейін партия бақылауында болады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.