Балаларға паспорт алу үшін не керек? | arainews.kz

Балаларға паспорт алу үшін не керек?

107

Маусым-шілде айлары демалысқа нағыз қолайлы уақыт. Көптеген отбасылар балаларымен саяхаттауды жөн көреді. Дегенмен, сапар алдында бірнеше маңызды нәрсені есте ұстаған жөн.

Шетелге шығатын әрбір баланың жеке паспорты (төлқұжаты) болуы қажет. Паспорт ХҚО-да 10 жыл мерзімге рәсімделеді.
Кейде балалар өскен сайын түрі де өзгереді. Мұндайда шекарада келеңсіз жағдайға тап болмас үшін төлқұжаттың мерзімі аяқталмаса да ауыстыру қажет.

МАҢЫЗДЫ: Ата-анасының бірі шетел азаматы болса, оның нотариалды куәландырылған келісімі керек.

Балаларға паспорт алу үшін керекті құжаттар тізімі:
— Баланың туу туралы куәлігі (құжаттарды ресімдеген кезде баланың болуы міндетті);
— Ата-анасының бірінің жеке куәлігі;
— Баланың фотосуреті, оны ХҚО-да жасауға болады;
— Баж төлемі туралы түбіртек (8 МРП).

«Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, мүгедектер, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ белгілі бір жеңілдігі бар санаттағы азаматтар паспортты тегін алады.
Қосымша ақпаратты 1414 нөмірі бойынша біле аласыз.

Шалқар Елемес,

Тараз қалалық ХҚКО №1 бөлім басшысы

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.