Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЖД-158/2 мекемесінде ағымдағы жылдың 10 маусымында «Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің психология қызметтерін жетілдіру бойынша және сотталғандарға, сонымен қатар ұзақ мерзімге жазаға тартылғандарға психологиялық көмек беруді күшейтудің 2022-2024 жылдарға арналған іс-шаралар» жоспарының 1, 2 тармақтарын жүзеге асыру мақсатында, ЖД-158/2 мекемесінің психологтарының ұйымдастыруымен «Сотталғандарды стресс және күйзелістен шығу жолдары» атты тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шараны ЖД-158/2 мекемесінің бастығының орынбасары әділет подполковнигі – Даулеткулов Амиржан Бақытұлы және САТжӘПЖ бөлімінің аға инспекторы әділет капитаны – Ибраимова Гульжан Жалбықызы ұйымдастырды. Меморандум талаптарын жүзеге асыру мақсатында шақырылған Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психолог маманы – Оспанова Динара Маратбековна, «Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Тараз қалалық өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендірілуге арналған орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің психолог маманы – Қалқабаева Бота Аркабаевна келіп сотталғандармен психологиялық тұрғыда әңгіме-сұхбат жүргізіп, бойындағы үрей, қорқыныштан, күйзеліс, өмірден түңілу сезімдерінен арылудың жолдарын айтып түсіндіріп, әдіс тәсілдер көрсетті.
Бұл іс-шараның мақсаты сотталған азаматтардың арасында күйзеліс, стресс кезінде және өмірден түңілу сәттерінде адамның денсаулығына зиян тигізбей шығу, эмоцияға берілмеу, теріс қылықтарға бой алдырмау, дұрыс шешім қабылдау, сабырға келу кеңестері беріліп, «Ашу дұшпан, ақыл дос – ақылыңа ақыл қос» деген Қазыбек бидің нақыл сөздерімен тарқастық.
Гүлжан Ибраимова,
ҚАЖ департаменті ЖД-158/2 мекемесінің
аға инспекторы-психологы, әділет капитаны