Бар жақсылық – балаларға! | arainews.kz

Бар жақсылық – балаларға!

442

Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мейрам. Бәріміз жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз. Сиыр жылын артқа тастап, міне барыс жылын да қарсы алдық. Осы орайда балаларға мереке ғажайыбын сыйлау мақсатында Жамбыл облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-15/2 мекемесінің басшылығы мүмкіндігі шектеулі балдырған Аманкелді Мадиярды арнайы құттықтап барды.

Жаңажылдық сый-сыяпатын ұсынған ЖД-158/2 мекемесінің бастығы, әділет подполковнигі Ерлан Оразгелдиев пен мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, әділет майоры Әміржан Дәулетқұлов Аманкелдіні жаңа жылымен құттықтап, ақжарма тілектерін жеткізді.

– Ертегілер әлеміне еліктірер шаттық шадыманға толы ең ғажайып мерекелердің бірі – Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл өмірде жүздеріңізден нұр шашып, бар ықыластарыңызбен риза болғандарыңызды көруден асқан бақыт жоқ. Келер жылда ұшқыр арман-қиялдарыңыз бен ақ тілек-ниеттеріңіз орындалсын. Балалық шағың базарлы, өмірің ажарлы болсын! – деді мекеме бастығы.

Өз кезегінде А. Мадиярдың ата-анасы мереке қарсаңында ұмыт қалдырмай, арнайы құттықтап келген мекеме басшылығына алғысын білдірді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.